Көркем – Іле. Көркің қайда баяғы?

Сүлеймен Демирел университетінің журналистика мамандығының студенттері жаздық кәсіби өндірістік-тәжірибелерін республикалық түрлі ақпарат құралдарында өтіп қайтты. Студенттердің республикалық басылымдарда шыққан мақалаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Достықтың нышанын бейнелейтін Іле өзені биыл біраз кейін шегінді, алдағы уақыт қолға алынбаса зияны екі мемлекетке тиюі ықтимал.
Балқаш көлі алабындағы Қазақстанның Алматы облысында және Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданында орналасқан Іле өзені биыл күрт азайып кетті. «Балыққа бай» – деген статусты иеленгенімен, осы жылы «балық бар ма?» – деп сұрайтын деңгейге түсті. Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Текес, Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып Балқаш көліне құятын бұл өзеннің екі ел арасында маңызы зор, дегенмен апаттың артып кетпесінен бұрын неліктен алдын алу шаралары орындалмай жатыр? Іленің бұлай тартылуына не себеп? Қолданылуы аясы кең көлемде болғандықтан ба? Жоқ, әлде климаттық өзгерулердің тікелей себебі бар ма? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында география маман иелеріне жолыққан болатынбыз.
Искакова Райхан Тілектесқызы- (Абай атындағы ҚазҰПУ дың аға оқытушысы, география магистрі): .Экологиялық мәселелер қазір күн тәртібінен түспей тұрған өзекті тақырыптардың бірі. Соның ішінде өзен көлдердің деградациясы Қазақстан үшін айтарлықтай маңызды. Қапшағай су қоймасы Алматы облысын электр энергиясымен қаматамасыз етіп отыр. Бірақ, алып бөгеттің салынуы мен су қоймасын суға толтырудың салдары бір мезетте су деңгейінің төмендеуіне және ондағы су тұздылығының артуына алып келді. Іле өзенінің көп саласы тартылып, сортаңға айналды. Көлдегі балық санының азаюы байқалуда. Себебі, судың негізгі бөлігі көршілес Қытайдан келеді. Ол Тянь-Шань тауларының Қытай Халық Республикасы аумағындағы бөлігінен басталады . Өзеннің жалпы ұзындығының 40% , яғни 600 шақырымға жуығы ҚХР-аумағында. 80 % су көрші мемлекеттен келеді. Қытайда ең мықты дамыған ауыл шаруашылығы – күріш, ал күріш тек сулы жерде өсіріледі. Сол себепті Қытай Іле өзенінін біраз бөлігін бөгеп отыр.
Шөлді аймақтың өндіріс қуаттылығын, ауылшаруашылық жерлері мен саны күрт артқан халқын сумен қамтамасыз ету үшін , Іле өзені алабында ондаған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Мұндай жобалардың қатарында гидротехникалық станция да бар. 2015 жылы осы аймақтағы суармалы жерлердің ауданын 600 мың гектарға жеткізу жоспарланған.Қазақстанға жылына ағып келетін өзен суының 15 мың м3маөсатетіп отырған жоспарларын орындауға алып қойып отыр. Қазір Қытай Халық Республикасы Іле өзенінен Тарым шөлді ойпатының батыс бөлігіне баратын канал жүргізіп жатыр.Қытайлық жобалардың барлығының жүзеге асырылуы 2050 жылға қарай Іленің Қазақстанға келетін су қорын 40 % төмендетіп, Іленің жағдайы бұданда төмендеуі мүмкін.. Егер жағдай тура осылай жалғаса берсе жоғарыда айтып өткеніміздей экономикалық апат өз алдына бір бөлек: судың ластануы, жайылма алқаптардың жаппай сортаңдануы, фауна және флораның азаюы сонымен қоса Арал маңы шөлдері сияқты шөлдену процесіне алып келу қауіпі жоқ емес.
Гүлмира Бекенова – ( эколог-биолог. Сүлейман Демирел Университетінің аға оқытушысы):
Іле жағасы — ертеден өмір сүруге ыңғайлы мекен. Өзен соңғы кездері шектен тыс 5 метрге дейін тартылып кетті. Алғашқы себеп – өзен жағасында орналасқан елді мекендердегі егін шаруашылығы. Оның бірі Қытай елі судың бірқатар бөлігін бөгеп отыр. Бөгеп қана қоймай, күріш өсіруде қолданылатын пестицидтер, минералды тыңайтқыштар өзеннің суын ластап экожүйесін, ондағы өсімдіктер мен балықтардың азаюына әкеліп соқтыруда. Іле өзенінің су біздің елімізде де егіншілікке кеңінен қолданылады. Оның экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілуде. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді, әрине егер судың көлемі азая берсе, бұл орны толмас экологиялық апатқа әкеліп соқтырары сөзсіз.
Бұл апатты болдырмау үшін, меніңше табиғи гидрологиялық режимді қалпына келтіріп, суарудың тиімді тәсілдерін пайдалану керек.
Абулғазиев Андрей – ( географ-биолог. Абай атындағы ҚазҰПУ- тің жаратылыстану бөлімі, география мамандығының аға оқытушысы):
Іле өзенінің тартылуындағы бірінші себеп: Қытай Халық Республикасының Іле өзенінің жарты бөлігін шаруашылыққа көптеп пайдалануынан және сол жерде халық санының көбеюінен, бұрын игерілмеген жерлерді қазір қайта игеріп бастауымен тығыз байланысты. Су тапшылығы- бұрын да , қазір де ең үлкен мәселенің бірі , өзеніміздің тартылуы халыққа да үлкен апат болады. Яғни, судың тартылуы судың тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін, әсіресе сол маңдағы тұрғындарға ауыр тиеді. Мәселе табиғи процесс болғандықтан қолға алып, өзгерту өте қиын. Бір бағыттан жол алып шығуға болады – Қытай Халық Республикасымен келсімшартқа отырып екі елге өзен бірдей кетуі қажет. Су деңгейінің осылай күрт төмендеп кетпеуін қамтамасыз ету керек.
Омаров Қайрат – (Абай атындағы ҚазҰПУ.«Қазақстан географиясы, экологи және оқыту әдістемесі» кафедрасының, п.ғ.к.)
Іле өзенінің проблемасы 1970 жылдан басталған, Қапшағай су қоймасының орналасуынан апатқа жопар құрыла бастады деуге келеді. Алғашқы жылдарда көлге құятын судан бұрып қалудан, режимі үшін қолайсыз жайлар байқала бастады. Ал Балқаш көлінің деңгейі күрт үздіксіз төмендей, ал судың минералдылығы көтеріле бастады. Ал, Қапшағай су қоймасын толтыруды шектеуге шешім қабылданды бірақ іске асырылмады. Одан ары су қоймасын толтыру, бұл жобаның жағымсыз экологиялық зардаптарын жан-жақты зерттеуге және оны тоқтату шарасын жасау үшін жұмыстар әлі күнге дейін атқарылып келеді, дегенмен нәтиже аз. Тағысын бір мезетте, Балқашқа су жеткізетін салалардан, оның ішінде бірінші кезекте Іледен суғармалы егіншілікке және суға тұтыну айтарлықтай жыл сайын артуының себебі де бар .Мәселенің аты аталысымен, санамызға Қытай мемлекеті түседі,осы жөнінде елмен іскерлік бағытта су шығынын дұрыс жүргізетін құжаттардың жұмыс ітеуін талап ету қажеттілігі туындайды. Жалпы экологиялық зардап Қазақстанның оңтүстік шығысында Іле өзенінің Балқаш көліне тұрақты түрде құйуына байланысты. Өйткені Балқаштың тереңдігі бар жоғы 26-ақ шақырым және алып жатқан ауданы 18000кв. шақырым. Егер, көлдің деңгейі 2 метрге төмендесе жағалық сызығы 15-20 шақырымға кейін шегінеді. Нәтижесі, оныңжағалауындағыэкожүйегеүлкенқауіптөндіреді.

Орындағандар: Біржан АСЫЛХАНОВ
Нигора АШИРБЕКОВА
Сүлеймен Демирел Университетінің 2 курс студенттері

“Айқын” газетінен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *