СДУ

Танымалдылыққа бастайтын жол

СДУСулейман Демирель университеті, ия дәл солай деп аталатын қазақ-түрік университеті қаншалықты танымал? Бүгін біз қаламыздан шалғайда орналасқан еліміздің білім беру сапасының үздіктерінің бірі, осынау ерекше университет жайында сөз ететін боламыз.

Иә, ерекше дизайн, көркем бейне, әсем табиғат аясындасында орналасқан оқу орны қаншалықты танымал? — деген сұрақ баршамызды мазалайтын сұрақтардың бірі. Бұл сұрақтың шешімін табу мақсатында қысқаша сауалнама жүргізіп көрдім (сауалнама жүргізу барысында аталмыш мекеме жайында көптеген қызықты пікірлер естідім). Сауалнама: 16 — 25 жас аралығындағы Алматы қаласы, Қарасай ауданының жастары мен дәл осы елді мекендердің шамамен 30 — 55 жас аралығындағы азаматтарының арасында жүргізілді. Сонымен, екі кунге созылған сауалнаманың нәтижесі мынадай шешімін тапты: Алматы қаласының тұрғындарының 100% — дық есеп көрсеткіші мен алғанда шамамен, 37% — ы университет жайлы ғаламтор желісі арқылы білгендерін айтса, 2,8% — ы өзінің таныстарының осы университетте оқитынын мәлімдеді, ал қалғаны мүлдем естімегендердің еншісінде. Дәл осындай жолмен Қарасай ауданында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша: 100% — дық есеп көрсеткіші мен алғанда, шамамен 6,3% — ы ғаламтордан білгендіктерін, 19% — ы университетте таныстарының оқитындығын, 21, 7% — ы күнделікті университет жанынан өтетіндігін немесе университет жайлы еститіндігін мәлімдеген болатын. Осындай нәтижелермен тәмамдалған сауалнамамызға түрткі болған танымалдылық мәселесіне келсек, кез – келген істе жетістікке жету үшін тәжірибе мен уақыттың еншісіне қызмет еткен жөн екендігіне көзіміз жетті деген ойдамын.

Шынар ТОХАНАЙН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>