1add62b009d05626d8359823f2d81f3c

Міржақып Дулатұлы: Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп жоқ болады

21_5Міржақып Абай  және тіл туралы тақырыптарды жазуда оқ бойы озық тұрған зиялының бірі. Аталған мәселелер бойынша бір сәт ойымызды қиялымызбен ұштастырып, көкейдегі сұрақтарымызды Міржақып атамызға қойған едік. Біз сауалымызға жауапты – Алаш ардақтысының мол мұрасынан, шығармаларынан іздеген болатынбыз.

– Сіздің ойыңызша халықтың мұңын шағып, қағаз бетіне түсірген ұлы шешен кім?

–  Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен

Халықтан мойны озып болған көсем.

Семейден шықты Ыбырай Құнанбаев,

Сөзінде қате бар ма сынап көрсең.

(Сөз ақыры)

 «Шешендер» қатарын Абай атамызбен бастадыңыз. Абай атамыздың шығармашылығын орыстың қай ақынының шығармашылығына ұқсатасыз?

– Өлендері есіткеннің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл негізі Лермонтовқа үндес. (Ибраһим ибн Құнанбаев)

Бүгінгі күнде барлығы деп, көпке топырақ шаша алмаспыз, кейбір Абай атамызды білмейтін жастарға айтар назыңыз.

– Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды, себебі – қазақ басқа жұртпен  үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай алмауы тарихи әдебиеті жоқтығынан. Тарихи әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны-әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. («Абай»)

Абай атамызға көрсетілер құрметтің дәрежесі қандай болмақ керек?

– Орыста бірінші жазушы Ломоносов бір балықшының баласы еді. Онан кейін сан жүйріктер шығып жатыр, сонда да орыс әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бәйге Ломоносовқа арнаулы. Неше жүз жылдан бері Ломоносовтың атын орыс халқы көңілінде һәм тілінде сақтап келеді, мұнан соң, мың жылдар өтсе де оған көрсетілген қадір, құрметтері артпаса кему  жоқ. Біз де Абайға сол көзбен қарауымыз керек. («Ибраһим Ибн Құнанбаев»)

– Абай атамыз барлық шығармаларын қазақ тілінде жазды. Және қазақ ұлтының бар мұңын қазақ тілінде жеткізді. Ал сіз  қазақ  тілінің басына түскен мұңды бір сөзбен қалай жеткізесіз?

– Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлдем жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет(Байтұрсынұлы– Д.Д.) деген кісіден ғана естідім. Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, менің һәм – бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. («Қазақ тілінің мұңы»)

– Тіл туралы сөз қозғалған соң, өзгерістері туралы да айтып кетепесек болмас. Алыс-жақын арада қазақ әрпінен латын әрпіне көшуіміз мүмкін деген сыбыс шықты. Сіз бұған қалай қарайсыз?

– Ал енді латын әрпін қолдануға келсек, бұған шығатын ақша есепсіз көп болмақ керек. Латын әрпін өзгертеді екеміз. Корректорларды үйретеді екеміз, латын әрпімен оқытатын мұғалімдер даярлайды екеміз, ел елде мектеп ашады екеміз, қызметкерлерді үйретеді екеміз, тағы да шығындары болады екен. Бұның бәрін есептесек, миллиондаған ақша кетуінде сөз жоқ. Қазір латыншаның бұрынғы әрпімізден іс жүзінде еш артықтығы жоқтығын көре тұра – қаншалықты қаражатты, толып жатқан кемшіліктерімізді түзетудің орнына  аса ділгерлігі жоқ латынды кіргізу үшін жұмсаудың еш қисыны жоқ.

(Міржақып  Дулатовтың  1924  жылы  Орынборда  қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш сьезінде сөйлеген сөзі)

 –  Сөз соңында жастарға айтар тілегіңіз.

 – Жұрт болудың ойланалық амалын,

Қамсыз жатар емес енді заманың.

Надандықтың қираталық қамалын,

Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым!

Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,

Қасекеңді қас масқара таптасын.

Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,

Аш көзіңді, болма баяу, алашым!
(Жаңа тілек)

 

Дайындаған Маржан Қырықбаева,

СДУ, 2-курс студенті

 

  1. Akmaral

    Өте жақсы жазылған екен. Тіпті Міржақып атамыз қайта тіріліп жауап бергендей..

  2. Nigora

    Өте терең мағыналы сұхбат екен. Маржан қаламың ұштала берсін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>