ВИДЕО: “Ас-қазан” подкасты “Аристократ” салатын ұсынады

Студенттерге және қыз-келіншектерге арналған “Ас-қазан” подкастының бірінші саны, барлығымызғы белгілі  “Шығыс таңы” мейрамханасының бас аспазы Әсем Жылқыбаеваның қатысуымен өтті. Бас аспаз дәмді әрі оңай дайындалатын “Аристократ” салатының жасалу жолын сіздерге ұсынған болатын.

Біз түсірілімге келгенімізде, мейрамхана ас үйіндегі қызу дайындыққа тап болдық. Сөйтсек, мейрамхана кезекті банкетке тапсырыс алған екен. Түсірілімге қатысушы аспаздың қолы тимей жатқандықтан, ұзақ күтуге тура келді. Осы уақытты пайдаланып #mirrorlook фотоға түсіп те үлгердік. Түсірілім барысында, камерамызды көтеріп, ары-бері  жүргенімізді ас үй қызметкерлері аса ұнатпағанымен, бас аспаз бізді жылы қабылдап, барынша көмегін аямады. Өз ісінің шебері Әсем ханым, 20 минут ішінде «Аристократ» салатынының жасалу жолын көрсетті.  Жылдам әрі дәмді бұл салатты жасау өте оңай,  дәмі де тіл үйіреді (дәмін өзіміз де таттық). Барлығыңызға үйде жасауға кеңес береміз!

“Ас-қазан” подкастының алдағы санында ұсынылатын тағам түрлерін жіберіп алмас үшін, каналымызға жазылыңыздар! Ас мәзіріңізді “Ас-қазан” подкасты ұсынатын жаңа тағам қатарымен толықтырыңыз!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *