IMG_6757-2-2

Қазыбек Шайх: табысқа жетудің құпиялары

 

Қарашаның 24-і күні СДУ әкімшілігінің ұйымдастыруымен «SHAIKH Креативті шешімдер агенттігінің» бас директоры Қазыбек Шайх  студенттерге тренинг өткізді.

СДУ амфитеатрларының бірінде өткен іс-шараға университеттегі барлық факультет студенттері белсене қатысты.

IMG_6702

 «Стратегия жизни. Как добиться своего» тақырыбында өрбіген тренингтің спикері Қазыбек Шайх залда отырған студенттерге: «Араларыңда өзіне өмірлік стратегия құрғандар бар ма?» деп  сауал қойып,  студенттермен жұмысын бірден бастап кетті.

IMG_6676IMG_6737

IMG_6719

IMG_6793

Көрермендердің жауабымен танысқан Қазыбек мырза стратегия адам өмірін айқын әрі мағыналы етіп, максималды түрде жетістікке қол жеткізуге септігін тигізетінін айтты.  Сондай-ақ спикер білімгерлерді  стратегия құру техникасымен таныстырды.

IMG_6787 IMG_6800

IMG_6746
IMG_6804

Қазыбек Шайхтың есептеуінше, стратегия құрудағы басты талап — болашаққа нақты мақсат қою.  Ал мақсатты таңдау үшін адам өзіне: «Мен кіммін?» және «Мен қайдамын?» деген сауалдарға жауап беруі қажет.

IMG_6706

IMG_6752

IMG_6723
IMG_6834 IMG_6880 IMG_6842

«Өкінішке орай, көптеген адамдар біресе бір іспен, біресе екінші іспен айналысып, нақты мақсат қоя алмағандықтан, жетістікке жете алмайды»,- дейді де, спикер жоғарыда аталып өткен 2 сауалға жауап іздеуге шақырады.


IMG_6738 IMG_6753 IMG_6776 IMG_6791 IMG_6818 IMG_6835 IMG_6849 IMG_6859

Психология мамандығының қыр-сырын терең игерген Қазыбек мырза студенттердің арасындағы өзекті мәселелерді қозғап,  жастарға барынша пайдалы кеңестер ұсынды.  Өз кезегінде СДУ әкімшілігі мен студенттері тренинг спикеріне өз алғыстарын білдіріп, естелік фотоға түсті.

IMG_6694 IMG_6890

Халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Енэс Куртайдың айтуынша, қаңтар айында Қазыбек Шайхты СДУ-да тағы бір мәрте қонақ қылып, кеңірек аудитория үшін тренинг өткізу жоспарда бар.

  1. Бір кісі

    Фотолар өте сəтті шыққан. Осындай мақалаларыңыз көп болсын)!!!!

  2. Гость

    Побольше бы таких мероприятий у нас в универе!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>