Он бес минуттық бақылау

ATM_pinpad_in_german

Сағат күндізгі 11:00 шамасы, мен Қаскелен қаласында орналасқан “Халық банкіге” бет алдым. Бонкаматқа жақындай келе моншақтай тізілген кезекті көріп, соңғы тұрған адамның жанынан өз кезегімді сайладым. Оқытушының үй жұмысы ретінде берген “он бес минуттық бақылауды” осы жерде өткізуді жөн көрдім. Жан-жағыма ойлы көздеріммен шолып шықтым.

Алдымен, кезектің басында тұрған кейуананы байқыдым, орта жастағы әйел адам ақшасын алып беріп тұр екен. Қарияның қолында үлкен қоржыны бар болатын . Ақшасын алып болған соң әлгі кейуана белін бөгіп, үлкен дорбасын арқасына лақтырды да сыртқа қарай беттеді. Топырлаған халық әлгі анаға аянышты жанармен қарағандай болды. Бір кезде жасы 20-21 шамасындағы, ұзын бойлы, қара торы жігіт әженің үлкен дорбасын “мен көтерейін” дегендей ишарат білдірді. Жас жігіт үлен қоржынды алып, әжейдің соңынан ере жөнелді. Ол жолдың арғы бетіне өтіп, такси тоқтатып, қарияны таксиге жайғастырып, өз кезегіне қайта оралды.

Осы уақыттың ішінде менің артыма 5-6 адам кезек сайлап тұрып алған екен, өңкей қарт кісілер. Ішімнен зейнетақы түскен шығар деп ойлап қойдым. Менің артымда өз кезегінде тұрған бір қария, мені түртіп “Қызым, мен мына компьютер дегендерді түсінбеймін, бұрын “касса” деген нәрсе жақсы еді. Сен маған ақшамды алып бер, айналайын” деді де, қолыма өз корточкасы мен құпия коды жазылған қағазын ұстатты да артындағы адамдармен шүйіркелесе сөйлесіп кетті.

Бұл банкіде үш бонкамат болатын тұғын, бірақ оның біреуі ғана іске қосылып тұр, оның өзі ақырын жұмыс жасап, адамдардың зығырын шығарды. Үлкен денелі, орта жастағы ер адамның кезегі келгенде бонкаматтың ішіндегі ақша таусылып қалды. Әлгі кісі ашуға мініп, шешесін бір-екі боқтап бонкаматты бір тепті де банктен шығып кетті. Сөйтіп, халықтың көңіл күйі түсіп, жан-жаққа тарай жөнелді. Мен студент үмітімді үзбей, бонкаматқа соңғы 2000 теңгемді алу үшін карточкамды салып едім, әлгі банкомат ақша шығарып тұр. Сөйтіп бонкаматтағы соңғы 2000 теңге менің қалтама түсті. Қуанышым қойныма сыймай мен жатаханаға бет алдым.

Дариға Көшкінбай,

2-курс

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *