Суретті түсірген: Айкерім Аманова

«Мен үшін достықтың маңызы зор»

Суретті түсірген: Айкерім Аманова

Суретті түсірген: Айкерім Аманова

Аты: Мехмет Коджаага

Туған жері: Түркия, Байбут қаласы.

Дәрежесі: Тәрбие ісі жөніндегі проректор.

 

 

 

 

 

- Қайырлы күн Мехмет мырза. Сұхбатымызды дәстүрлі сұрақтардан бастасақ. Қай жылы, қай өлкеде дүниеге келдіңіз?

— 1968 жылы сәуір айының 6- жұлдызында Түркия елінде дүниеге келдім.

- Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз.

— 1995 жылы шаңырақ көтердім. Жұбайым, үш қызым, бір ұлым бар. Қызым осы университетте 3-курс оқиды. Ұлым Түркияда заң факультетінде білім алуда. Екі қызым Қазақстандық деп айтуға болады Таразда дүниеге келді. Алматыда «Galaxy» мектебінде оқиды. Жалпы, отбасымда алты баламыз, үйдің кенжесімін. Ата-анам өкінішке орай дүниеден өтті. Өзге елде жүрген мен ғана.

- Ас үйге қаншалықты араласасыз?

— Негізі аз әзірлеуді жақсы көремін. Кішкентай қыздарым: «Сіз дайындаған тамақ бізге қатты ұнайды»,- дейді. Кейде бірге әзірлейміз.

- Сүйікті тағамыңыз қандай?

— Түркияның тағамы «alinazik»

- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

— Жұмыс орнымда босай қалсам интернеттен газет, журнал қараймын. Әлем жаңалықтарына назар аударамын. Негізі бос уақытымды отбасыма бөлемін.

- Бала кездегі Мехмет мырза қандай болды?

— 8 жасқа дейін ауылда өстім. Жолдастарыммен бірге тауларға қарап, болашақта кім болатынымызды айтатынбыз. Мен болашақта бір мекемеде бастық боламын деп айтатынмын. Сосын Бурса қаласына көштік. Бір-екі жыл ортаға үйрене алмай қиналдым. Жалпы үлгерімін жақсы болды.

- Қазақстанға қалай келдіңіз?

— Қазақстанда жұмыс істейтін таныстарым болды. Сол кісілерден ұсыныс түсті. Қазақстан дегенде еш жатсынбай бірден келістім. 1999 жылы келдім.

- Алғаш қай қалаға бардыңыз?

— Қарағанды қаласы.

- Қазақстаннан бөлек Башқұртстанда жұмыс атқарғаныңызды білеміз. Сол жайлы айтып берсеңіз.

— Уфа қаласында Башқұрт мемлекеттік университетінде, педогогикалық институтта 6 жыл қызмет атқардым. Жұбайымды да сол елден кездестірдім. Үлкен балаларым сол жерде дүниеге келді.

Ұстаздық саласына келуге не себеп болды?

— Ауылда үлгі тұтар тұлға болатын жан ұстаз еді. Мұғалім ауылдың дәрігері де , ақылшысы да болатын. Сондықтан көп ойланбай ұстаз болуды шештім.

- Университетімізде қай жылдан бері жұмыс атқарып келесіз?

— 2013-жылдан бастап. Биыл үшінші жыл.

- Өзіңізді қатал басшымын деп есептейсіз бе?

— Жоқ . Университетке келмес бұрын Павлодар қаласында қазақ-түрік лицейінің директоры болдым. Сонда ұжымым: «сіз қатты ашуланғанның өзінде артынан ренжіген жоқсыз ба деп сұрайсыз» деп айтқан еді. Адамды ренжіту қиын емес, бірақ қайта көңілін табу өте қиын. Ұжымыммен мәселені ашуланбай, сабырлықпен шешуге тырысамын.

- Бойыңыздағы жағымды, жағымсыз қасиеттеріңізді айтып берсеңіз.

— Әкем мүсінші еді. Сабырлықпен жұмыс жасайтын. Ол әкемізден бізге дарыған. Негізі құрылыс саласына қатысым жоқ болса да, қабілетім бар деп ойлаймын. Қайда барсам да алдымен мекеменің, жұмыс орынымның әдемі, жайлы, заманауи болғанын қалаймын. Сол жақсы қырым шығар. Адам негізі өз кемшілігін көре алмайды. Өткен істерім жайлы «былай жасасам дұрыс болар еді, мынаны жасамауым керек еді» деп көп ойлаймын. Өкіну. Осы болар ұнамсыз тұсым.

- Ал адам бойындаға қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

-Мен үшін достықтың маңызы зор.

— Иә, әрине. Көпшіліктің қолына түсе бермейтін, қызықты кітаптар оқығанды ұнатамын. Кітапқа деген қызығушылықтың пайда болуы үшін алдымен оқиғасы өзіне баурап алатын романдардан бастауға кеңес беремін. Ары қарай тарихи, күрделі кітаптарды қызыға оқып кетесіз.

- Спортпен шұғылданасыз ба?

— Оқушы кезімде күреспен айналыстым. Кейін футбол ойнадым. Университетке келмес бұрын сәл сырқаттанып қалдым сондықтан спортпен айналысуға болмайды. Дегенмен көп жүріп, қимылдауға тырысамын.

- Менің өмірімдегі байлығым деп нені айта аласыз?

— Ең үлкен байлығым- отбасым. Достарым, туыстарым, атқарған жұмыстарым. Негізі көп, алғашқылары осы.

- Оқу ордамыздың студенттеріне тілегіңіз.

— Елге қызмет жасау. Өзін ойлаған адамның халыққа пайдасы болмайды, өзі де мықты болмайды. Қазақстанның болашағына үлес қосыңыздар.

- Өз еліңізді сағынып, оралғыңыз келе ме?

— Әрине. Онсыз болмайды. Отан — ана. Бұйырған кезде барамыз.

- Сұхбатыңызға алғыс білдіремін.

Сұхбаттасқан: Айкерім Аманова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>