Мәдениаралық коммуникация

Мәдениаралық коммуникация

Осы жылы жазда қатты сырқаттанып, Ақтөбе қаласының аллергологиялық орталығында ем қабылдадым. Алайда, бұл қалада шипа таба алмағасын, анамның достарының мақтауымен, көршілес мемлекетіміздің астанасы-Ташкент қаласына жолымыз түсті. Осы кезде мен үнемі біздің елдің аураханасының қызметкерлері мен сол елдің ауруханасының қызметкерлерін, олардың салт-дәстүрі, тағамдары, бір-бірлеріне деген қарым-қатынастарын салыстырып қарадым.

Мәдениаралық коммуникация

Мәдениаралық коммуникация

Ең бірінші, маған біздің елдің дәрігерлері  дөрекілеу болып көрінді. Неге дейсіз ғой? Өмірімде алғашқы рет асқазанның ұзыыын, әрі жуааан «шлянкасын» жұтайын деп жатырмын. Мен бұл құрылғыны тік тұрып жұтатын шығар деп күтіп отырсам, бір кезде дәрігер: «Жат! Тез-тез жұт, сеннен кейін қаншама адам бар әлі» -деп дауыс көтермесі бар ма. Дәл осындай құрылғының жіңішке түрін, Ташкент ауруханасында да жұттым. Бұл жердегі дәрігерлердің жып-жылы сөйлеген сөздерінен кейн, ол құрылғыны қалай оңай жұтып қойғанымды да сезбей қалыппын.

Тағы да бір ерекшелік-бұл халықтың сәлемдесуінде болды. Олар өткен-кеткенге,таныса да танымаса да, «Асаламағалейкум» -деп амандасады екен. Түске қарай анам екеуміз жолда кетіп бара жатқанбыз, көше бойындағы үйден біреу  бізді көріп қалcа болды, « Асаламағалейкум» деп амандасады. Мен анама бұрылып: « Мама, вроде біздің бұл жақта таныстарымыз жоқ еді ғой»- деп күлдім.

Менің ойымша, біздің елімізде танымайтын адамдар көбіне бір-бірімен  амандаспайды, тағы да мүмкін ол бізде қалыптасқан менталитет деп айтамыз ба, «ассаламағалейкум» деген сөзді бізде көбіне ер-азаматтар қолданатын секілді. Ташкенттегі ауруханадағы дәрігерлер көрген сайын, маған «Ассаламағалейкум» деп амандасқанда ,мен оларға қалай жауап берем  деп қысылдым. Себебі мен «Сәлеметсіз бе»- деп амандасуға үйреніп қалғанмын. Өзімнен бір-екі жас үлкен медбикелер маған «Ассаламағалейкум» деп сәлемдескенде, абдырап «Привет» деп те айтып қалатынмын.

Менің ойымша, бізге бұл халықтың осындай « асаламағалейкум» деп қолданатын сөзін, күнделікті өмірде «сәлеметсіз бе» деген сөздің орнына қолдансақ жақсы болатын еді. Себебі- «Ассаламағалейкум» -деген сөз «Алланың нұры жаусын» -деген мағынада. Күн сайын осылай қаншама адамға сәлем берсең, қаншама адамға жақсы тілек айтар едік. Осы тамаша бір қасиетті үйренсек екен…

  1. Наргиза

    Иә, бiзде де осындай мәдениет қалыптастыру керек. Сiзге шипа берсiн!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>