Сабақ кестесі

Гастрит сабақ кестемізбен қалай байланысты?

«Грейзинг» деген ұғыммен таныссыз ба? Күніне бөлшектеп 5 рет тамақтану осылайша тұжырымдалады.

Тығыз сабақ кестесі

Тығыз сабақ кестесі

Диетолог дәрігерлердің айтуынша, мұндай тамақтану режимі ағзаны сергітіп, күш жоғалтпауға көмектеседі. Қоғамның маңызды әлеуметтік топтарының бірі студенттердің жағдайы өкінішке орай бұл қағиданы ұстануға кедергі келтіреді. Мысалы, біздің университетте  сабақ 9:00-де басталады. Сабақ кестесі әр факультетте әр түрлі. Әрине, арасында демалыс сағаттары да болады. Бірақ қарапайым түскі үзіліс уақыты азаннан кешкі уақыттарға дейін тығыз орналастырылған сабақ кестелерінде қарастырылмаған. Көп жағдайда қалыптасқан түскі үзіліс уақытына (12:00 мен 14:00 арасында) сәйкес келе бермейді. ЖОО-да  мекеме ретінде қарастырсақ, “неге басқа да мемлекеттік ұйымдардағыдай түскі үзіліс уақыты берілмеген?” –  деген орынды сұрақ туады.         Адамның түскі уақытта тамақтануы дүние жүзі бойынша қалыптасқан заңдылық емес пе? Әрі студенттер түрлі тақырыпта білім алады. Сабақ барысында миға салмақ түсіретін ауырлығы әр түрлі деңгейде болатын тапсырмаларды орындайды. Яғни, ағзада сәйкесінше көп мөлшерде энергия жұмсалуы керек болады. Осы орайда «Егер ағзаға уақытылы азық түсіп отырмаса, қажетті энергия қайдан түзіледі?» – деген екінші сұрақ туады.

Демек, сабақ кестесінің дұрыс ұйысдастырылмауы  студенттер денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Бұл жағдаят университет әкімшілігі тарапынан ескеріліп, тиісті шаралар қолданылса игі болары анық.

— Түскі үзілісте тамақтанасыз ба? деген сауалнамаға  студенттерінің оннан жетеуі «жоқ , себебі дәрістер болады, үлгермеймін» — деп жауап қайтарды. Яғни, азанғы тамақтың күшімен сіз кешке дейін шыдайсыз. Кешке болса, керекті мөлшерді толтырып, асқазан жұмысын қанағаттандыру үшін мөлшерден тыс тамақтанасыз. Ол да өз кезегінде  денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Кешкі уақыттарда адам белсенділігі төмендейтіндіктен, семіздікке апарып соқтыруы да ғажап емес.

— СДУ-де дәрістер таңғы уақыттан кешкі уақытқа дейін. Яғни, сіз тамақтанбағандықтан күні бойы шаршаңқы жүруіңіз мүмкін. Тіпті кейдесол-себепті көңіл-күйіңіз болмайды. Сабақтан тыс жеке қызығушылықтарыңызды жүзеге асыруға уақыт табылмайды.

Мәселені шешу жолдарын жүзеге асыру университет әкімшілігіне қиындық туғызбайтыны анық.  Осы орайда, орындалуы қиынға соқпайтын бірнеше жоспарлы әрекеттерді саралап көрсек.

— Сабақ кестесін түскі үзіліс уақытына ыңғайлап құру.

— Дәрістерді түске дейін немесе түстен кейін ұйымдастыру.

“Студенттік өмірдің бір естелігі -гастрит” – деп М. Шаханов ағамыз айтпақшы, саламатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне білек сыбана кіріскен оқу орнының студенттер денсаулығына бей-жай қарамасы анық.

  1. Бір кісі

    Студенттердің негізгі проблемасы осы… Тақырыты жақсы алып сыңдар)!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *