1412008316_uhod1

Студент қыздарға кеңестер

          Қазіргі Алматыдағы ауа райы түсініксіз болады. Не суық емес, не жылы емес дымқыл мен ызғардан ғана  тұрады. Осы уақытта қыздардың бет күтімі әлсіреп , екі бетіміз алдымен қызыл болып , артынан суықтан қап-қара болып жарылып кетеді. Әрине, кез келгеніміз сұлу болып жүргіміз келеді. Университет білім алатын орда болғандықтан, қатты боянуды да талап кетпейді. Әйтсе де, кейбір аруларымыз сауық-сайран кешіне келгендей боянады. Бұл мақаланы мен студент қыздарға арналған азғантай кеңес деп алғым келді. Ал, бастайық)

    Ақыл-кеңесті «Лала» сұлулық салонының визажисті Кәмшат Орынгүлқызы береді:

1. Таңертең ұйқыңыз қанбай қалған болса, онда 10-15 минут таза ауаға шығып тыныс алыңыз. Бұдан сіздің бетіңіз тыныс алып іскені қайтады.

 

2. Ондай кезде жүзіңізге ақ немесе қоңыршаң түсті опаны пайдаланыңыз. Ол сіздің шаршаңқы бейнеңізді басып, сырт көзге өте жағымды етіп көрсетеді. Қазіргі уақыттағы ең жақсы пайдаланатын опа – далаптар: « Mary Kay» , «MaxFactor» және « Chanel»

 

3. Көз адамның ең бірінші түсетін жері. Негізгі назар аударатын жері– бетті «тональный» кремнің дұрыс жауып, румянаның дұрыс жағылуы. Өкініштісі, қазір көп қыздар румянаны дұрыс жаға алмайды, тіпті жақпайды да. Көзді баттастырып бояғанда, ерінге де қанық түс жағады. Макияжы маскаға ұқсап шыға келеді. Көз бояуға арналған қарындаш құрғақ болмауы керек. Өйткені, құрғақ қарындаш қабағыңыздың терісін қырнап, қызартып жібереді және құрғақтығынан үгітілгіш келеді. Сонымен қатар тым майлы да болмауы керек. Майлы қарындаш қабағыңызда біраз уақыт өтпей жиналып, сызық-сызық болып қана қалады. Көп қыздардың жіберетін қателігі опа далапты орынсыз жағу арқылы өз жасынан әлдеқайда үлкен етіп көрсетеді. Мысалы, мына тұрғыдан боянсаңыз солай көрсететін болады:

  •  Ерінге қошқыл түсті (қанық қызыл, қоңыр қызыл, т.б.) далап жағу;
  •  Ашық көк түсті қабаққа арналған бояуды пайдалану;
  • Көздің айналасын қара түспен (подводка) бояну;
  •  Күңгірт (матовый) тоналды крем жағу.

Осы бояну тұрғысын пайдаланған қыздар көбінесе жас айырмашылығын беріп тұрады.

 

Жас қыздардан кететін қателіктер:

1. Опа далапты көптеп пайдалануы. Ол беттің тез қартаюына ісерін тигізеді. Күңгірт тоналды кремді пайдаланғаныңыз бет терісінің арасына кіріп қалып оның қатты болуына ықпал етеді.

2. Сүрме ( тушь) көп пайдалану кірпіктің жұқарып түсуіне әкеліп соғады. Кірпіксіз қалып жүрмейік.

3. Қатты ашық реңді түске бояу. Бұл да қыздың жасын ұлғайтып бетіңізге маска киіп алғандай боласыз. Қысқа қайыратын болсақ табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейді. Әрдайым бет жүзіңізге кремдерді, лосьондарды жағып күтім жасаңыз сонда әлдеқайда сұлу боласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>