Тұңғыш президент күніне дайындық

12

 Университетімізде тұңғыш президент күні ауқымды түрде атап өтілмек. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш шара биыл да ауқымды болады деп күтілуде. СДУ жаңа президенті Мади Тәукешов осы жылғы мерекелік күннің ерекшелігі ретінде, бір емес, бірнеше мерекелік концерттердің ұйымдастырылатындығын жеткізді.Оқу ордамыздың жаңа басшысы осындай жаңаша бастамалардың қолға алынып жатқандығын айтып қуантты.

Аталмыш мерекенің аталып өтуіне жауапты Ержан Смағұлов мырзаның көмекшісі беделді студент Меруерт Сопбек, бұл күні университетімізге бірқатар танымал тұлғалардың келетіндігін алға тартады. Естеріңізге сала кетсек, президент күні 1 желтоқсанға белгіленген.Дегенімен, бұл іс-шара университет қабырғасында тек бір күнмен ғана шектелмейтін көрінеді.Президент күніне арналған апталық, әр факультетте ұйымдастырылып, мерекелік шараларға жалғасады.Ендеше аз ғана сабыр қылып, болашақта болатын мерекелік күннің бірге куәсі болайық достар.

  1. SDUtent

    Ақпаратыңызға рахмет! Неше күн демаламыз сонда?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *