Маған «Скарлетт Йоханссон», саған «корзина с едой»

Сіз, СДУ студенттерінің туған күніне немесе белгілі бір мейрамдарда қандай сыйлық алғысы келетінін білгіңіз келе ме? Әлде СДУ-да оқитын сүйіктіңізге қандай сыйлық жасарыңызды білмей жүрсіз бе? Ендеше, біздің ұсынатын СДУ-лық студенттердің қалайтын және алғысы келетін ТОП-5 сыйлық түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Ер адамдар

(СДУ-да оқитын ер студенттер таңдауы)

 

1) Ақша

Иә, СДУ-да оқитын жігітттердің басым бөлігінің сыйлыққа қалайтындары – ақша екен. Сауалнама бойынша сұралған ер студенттердің  42%-ы «ақшалай» сыйлықты ұнататындарын жеткізді.

 

2) Сағат

СДУ студенттерінің 24% дауысын жинап, ТОП – 5-ке енген сыйлық. Бірақ, жігітіңіз немесе досыңыз ырымшыл болса, қол сағатын сыйламай-ақ қойғаныңыз абзал. Себебі, сағатты айырылысудың нышаны, сағат тоқтағанда, сол жанмен қарым-қатынасыңыз да тоқтап қалады деген ырым бар екен. Дегенмен де, ең таңдаулы сыйлықтардың қатарынан сағаттың ерекше орын алатындығы белгілі.

 

3) Ұялы телефон

Қалтаңыз көтерсе, қымбат сыйлық алып бергенге не жетсін?! Бірақ, біздің ер жігіттеріміздің 18%-ы туған күндерінде немесе атаулы мейрамдарда «ұялы телефон сыйласа екен» деп күтетін көрінеді.

 

4) Қапшық (чехол) пен салпыншақ (брелок)

СДУ-лықтардың 7% дауысын жинап, төртінші межені өзара бөлісті. Аталмыш сыйлықтарда өздерінің аттары немесе Еліміздің рәміздері бейнеленген болса, нұр үстіне нұр болатынын мәлімдеді.

 

5) Кітап және алқа, сақина

Кітап барлық ер-азаматтарға сыйлана бермейтін сыйлықтың түрі. Оқу-білімді жанына серік еткен жан бұл сыйлығыңызды өзіне жасаған жақсылық ретінде қабылдайтыны анық. Кітап таңдағанда сол ер-азаматтың қандай саланы қызығып оқитынын біліп алғаныңыз да жөн. Алқа мен сақина – азаматтың мінез-құлқына қатысты таңдап берілетін сыйлық. Алтын сақинаға қарағанда күміс сақина ер адамдарға лайықты деп есептелінеді. Жалпы, бұл сыйлықтар қатары СДУ студенттерінің 4% дауысын жинады.

              Сауалнама барысында әртүрлі жауаптарды естідік. Көліктері барларда жанармай талондарын сыйға тартса екен деген тілек болса, бір студентіміз өзіне Скарлетт Йоханссон-ның сыйлық ретінде ұсынылуын қалайтынын жеткізді.

 

Қыздар

(СДУ-лық қыздардың таңдауы)

1) Гүл

СДУ-лық қыздарымыздың 33% дауысын жинап үздік атанды. Қай қыз болмасын гүл десе жүздеріне нұр ойнап, сыйлыққа гүл алғанда ерекше қуанып қалады. Сондықтан да арулар үшін гүлге жетер сыйлық болмас. Себебі, гүл – өзінің әдемілігі мен керемет иісінің арқасында сыйлық иесіне тамаша шаттық сыйлап, айрықша қуанышқа бөлейді.

 

2) Кітап

Ер жігіттерімізге қарағанда қыздарымыздың 29%-ы сыйлыққа кітап алғанды жөн көреді екен.

 

3) Әртүрлі аксессуарлар (сумка, шарф, сағат)

СДУ-лық қыздарымыздың 15%-ның таңдаулары осы аксессуарларға түсті. Көбісінің қалауы – бұл заттардың барынша әлемге танымал брендтердің өнімі болуы.

 

4) Әшекей бұйымдар (алқа, сақина, сырға)

Аруларымыздың 11% -ы осы сыйлықты құп көреді екен. Әшекей таңдар кезінде қызыңыздың немесе құрбыңыздың жас ерекшелігі мен талғамын ескергеніңіз абзал.

 

5) Өз қолыңызбен жасаған бұйым

Қыздарымыздың 7%-ы қолдан жасалған сыйлықтан артығы жоқтығын мәлімдеді. Қолыңыздан сурет салу, ағаш жону, ұсталық секілді өнерлер келетін болса, өз қолыңызбен ерекше бір дүние жасауға болады. Аталмыш сыйлықтың тек өзі үшін жасалғанын ұғынғанн қыздар сол үшін өздерін ең бақытты жан ретінде сезінсе, екіншіден сіздің оған деген ерекше ықыласыңызды танытады.

     Жалпы, сауалнама барысында қыздарымыздан да қызықты жауаптарының куәсі болдық. Әрине, егер ақшасына мән бермесек, кейбір аруларымыз сыйлыққа автокөліктің кілтін қалайтындарын айтса, енді бір студентіміз «корзина с едой» деген ақжарма тілектерің жеткізіп жатты.

                Біздікі тек кеңес беру, ал шешімді қабылдау – сіздің еншіңізде!

  1. Бір кісі

    Ұлдарды түсінуге болады…Қыздарға сыйлық алуы үшін ақша керек емес пе??? Жалпы, мына баланың “шыймайлауы” жаман емес))!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *