Сіз білесіз бе?

Бүгінгі санымызда студенттер ішін пыстырмас үшін сабақ пен университеттен тыс әлемнің қызықты жаңалықтарын бөліскім келді.  Қандай жағдай болса да есте сақтап қалған жөн болар.

  1. Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге Kit Kat шоколадын алып кіреді. Бұл – олардың сәттілік әкелетін бойтұмарлары екен. «Кitto katsu» жапон тілінен аударған “міндетті түрде жеңемін” деген мағынаны білдіреді

  2. Everest Poker компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы онлайн-покер ойыншалырының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анықтады.

  3. ХІХ ғасырда шарапханадан қайтқан Ресей студенттерінің арқасына олардың мекен-жайлары жазылып жіберілетін болған. Бұл қатты масайып қалған студентке үйіне жетуге көмектесушілер үшін жасалған көрінеді

  4. Ерте кездердегі университеттерде емтихан барысында студентке шарап ішіп отыруға рұқсат берілген.

  5. Сіздердің араларыңызда қарт студенттер бар ма? Жоқ?! Олай болса, еуропалық студенттерге көз жүгіртіңіз. Себебі, еуропалық адамдар көбіне жастары ұлғайған кезде студент атанып жатады. Мәселен, Швецияда студенттердің орта жасы – 25,5.

  6. Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіртуге еш қиналмастан береді екен. Тегін. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күн бойы студенттің үстіне мініп жүреді.

  7. Норвегияда жоғарғы білімді тегін, еш кедергісіз алуға болады. Сондай-ақ студентке кредит беріледі
  8. Адам дүниеге келгенде, миында 14 миллиард жасуша болады және бұл көрсеткіш өлгенше ұлғаймайды. Керісінше, 25 жастан кейін, күніне 100 мың жасушадан азайып отырады. Кітап бетін оқуға кеткен бір минут ішінде шамамен 70 жасуша өледі.

  9. Ашық көзбен түшкіру мүмкін емес.

  10. Адам ағзасындағы ең қуатты бұлшық ет – тіл.

  11. Адам денесінде 7 сабын жасауға болатын май қоры бар.

  12. Адам денесіндегі барлық сүйектердің жартысынан астамы дерлік табан мен білекте орналасқан.

  13. Адам өмірінде оның терісі шамамен 1000 рет ауысады.

  14. Адам қызарғанда, оның асқазаны да қызарады.

  15. IQ стандартты тесті бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткіш екі әйелдікі болып есептеледі.

  16. Мидың 80 пайызы судан құралған.

  17. Орта есеппен алғанда, адам басы шамамен 3,6 кг салмақты құрайды.

  18. Жүйке импульстары адам ағзасында секундына 90 метр жылдамдықпен жылжиды.

  19. Көк көзді адамдар басқаларына қарағанда аурушаң келеді.

  20. Ересек адам бойындағы жүйке тамырларының ұзындығы 75 километрге жетеді.

          Осындай қызықты мәліметер өзіміз туралы білдік. Алдағы уақытта емтихандар келе жатыр сіздерде кірер кезде Кит-Кат ала кіріңіздер кім білсін мүмкін әсер етер. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *