Шаршамаңыз, студент!

Оқу жылының бірінші жартысы аяқталатын күн жақындады. Соңғы апталарда университетке барған кезде, студенттердің көпшілігінің шаршаңқы жүздерін жиі көретін болдым. Мүмкін бұған ауа райының салқындығы да себеп болып жүрген шығар. Дегенімен, алдағы апталарда баршамызды аралық бақылау мен сессия күтуде. Сол себепті сіздерге психологтардың шаршағыштан арылуға байланысты айтқан кеңестерін ұсынамыз.

Шаршағыштықтан арылудың алдын алудың ең тиімді жолы-шаршап келген бетте бірден асқа отырмаңыз. Себебі, тамақ сіздің бар энергияңызды алып қояды. Шаршап тұрып асқа отырсаңыз, үйге келгенде қандай да бір іске деген талпынысыңыз азайып, әлсіреуіңіз мүмкін. Сол себепті, ең алдымен өзіңізді қалыпқа келтіріп, демалыңыз. Міне содан кейін ғана асықпай тамақтансаңыз болады.

Шаршағыштықтан арылудың тиімді 5 жолы:

  1. Аяқтарыңызды демалдырыңыз.

Күнделікті жүргеннен немесе әртүрлі шалбарлар кигендіктен аяқтарыңыз шаршайды. Сондықтан аяқ киіміңіз бен шалбарды шешіп, ыңғайлы киініп, аяқтарыңызды сергітіңіз.

  1. Денеңізді демалдырыңыз.

Егер бүгінгі күн сіз үшін ауыр өтсе, үйге келісімен ваннаға түсіп алу артық етпейді. Ванна суының температурасы 38-40 градус болғаны дұрыс.

  1. Бетіңізді демалдырыңыз.

Адам бет-әлпетінен оның шаршағандығы бірден білініп тұрады. Сондықтан ауыр күн өткеннен кейін, бет теріңізге тиімді маска жасағаныңыз дұрыс.

  1. Өзіңізді қуаттандырыңыз.

Ауыр күн өткеннен кейін, демалып болған соң,  енді өзіңізді сергітіңіз. Ол үшін бойыңызға аздап қан жүгірту мақсатында түрлі дене жаттығуларымен шұғылданыңыз.

  1. Қуат беретін сусындар.

Жаттығулардан кейін әлдеқайда сергек болдыңыз. Енді кезекте нәр беретін сусын ішіңіз. Сусыныңыз қолдан жасалған табиғи болса тіптен жақсы.

 

 

  1. Бір кісі

    Жақсы, жақсы. Маған керекті дүниелер екенн))!!!

  2. Айғаным

    Әрине,психологтардың шаршағыштықтан арылтатын әдістері дұрыс -ақ.Бірақ,кажетінше қолдау беріп,көмектескен жүрегіне жақын кісінің шаршағыштықтан арылтатын әдісіне жетпес)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *