Астана-Бенфика ойынына қанша SDUдент бармақ?

       Жылдан жылға Қазақстанда футболға қызығушылардың саны артып келеді. Оған себеп -Астаналық “Астана” футбол клубы. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған жерлестеріміз өздерінің жанкүйерлерін әр ойын сайын қуанышқа бөлеуде. Университетіміз Алматыда орналасса да студенттерімізге Астанаға барып ойыншылырымызға қолдау көрсетуге еш кедергісін бермейді, керісінше әр ойын сайын университетіміздің “Астана” клубын қолдаушылар саны еселеп өсуде.

       Мысалы: Астана-Галатасарай ойынына университетімізден 6 студент барса,  Астана-Атлетико ойынына 19 студентіміз барыпты, әрине бұл жерде клубтардың рейтингісіне байланысты болуы мүмкін, бірақ соңғы Астана-Бенфика ойынына университетімізден 22 студент барғалы отыр. Бір өкініштісі елімізде барлық жанкүйерлердің ойлары бір жерден шықпайды. Біреулер жерлестерімізді қолдау  үшін барса , біреулер шет ел жұлдыздарын қолдау үшін барады. Оған мысал еліміздің ұлттық құрамасының ойынына баратын жанкүйерлер, қарсылас қаншалықты азулы болса, соншалықты көрермендердің санына өз септігін тигізеді.

       Бұл үлкен проблема деп ойламаймын, себебі үлкен құрамалар бір сәтте ондай державаға айналмады, олардың да жанкүйерлері өздерін осылай ұстаған болатын. Оған мысал: Россия, Польша5 Бельгия құрама командалары. Еліміздің футболы жылдан жылға  қарқынмен дамуда, уақыт өте келе жоғарыды көрсетілген құрамалардың қатарында болады деген сенімдеміз, жанкүйерлерде тек еліміздің футболынын демеп жүреді, университетіміздің де футболға қызығушылардың саны өседі деген сенімдеміз. Жеңісті күндерде жүздескенше!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *