sXXOTeU3wwQ

СДУ студенттері тағы да, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендерін дәлелдеді

XQfqKzU9fks
5-7 желтоқсан аралығында Алматының 12 түрлі ЖОО қатысуымен «Charity Wish Tree» атты қайырымдылық жобасы өтті. Жоба қаланың Mega Park, Mega Centre, Esentai Mall, Dostyk Plaza сияқты, ойын-сауық кешендерінің ішінде болды. 12 университеттің арасында Сүлейман Демирель университеті қайырымдылық жасаудан алдыңғы орынға шықты.
Жобаны негізгі мақсаты, мемлекет көмегімен қамтамасыз етілмейтін, жекеменшік интернатта тәрбиеленіп жатқан балалардың кішкене ғана тілегін орындау болатын-ды. Балалар жаңа жыл алдында Аяз Атаға жазған хатының ішіне тілектерін, армандарын сыйдырған. Солардың ішінде, айтар болсақ, «Қайрат» футбол клубының формасы, доп, ұялы телефон, қысқы киім-кешек және, т.б. Сол тілектерді жинап, студенттер ойын-сауық кешендерінде қайырымдылық бұрышын жасап, өтіп бара жатырған адамдардың назарын аудартып, балалардың тілегінің орындалуына көмектесті немесе орындатты десе де болады. Еңбектері зая кетпеді, бары 700 тілекке толы хат бар еді, сол екі күннің ішінде 700 тілектің барлығы орындалды. СДУ-ға берілгені 138 еді, алайда бір күннің ішінде 125 тілек орындалып, 13 қалған еді. Келесі күні үлгере алмай жатырған университеттерден 17 тілегі бар хатты қосып алды. Сонымен барлығы 30 тілек жексенбі күні орындалып бітті. Жалпы есеппен, 168 тілекті 2 күннің ішінде орындата алған Сүлейман Демирел Университетінің студенттері, қайырымдылық жасаудан топты жарды. Осы шарадан жасалатын қорытынды, қайырымды жандар өмірде бар, тек үмітімізде үзбесек болғаны.

  1. Айғаным

    Үлкен сауапты амал.Бүлдіршіндердің тілегін орындап,қуанышқа бөлегендерініз дұрыс ақ!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>