Татулық – олардың басты қағидасы

04ded8ffe8d61639175d0c1f24ae016b
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың,ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Менде ұлттар дрстығын көзбен көріп,жүрекпен сезіп жүргендердің бірімін. Мысал ретінде
Қаскелең қаласында тұратын Шакизан жанұясын сөз еткім келеді. Асхат пен Ладаның тағдырлары тоғысып, 25 жыл бұрын отбасын құрды. Армян қызы сыпайы мінезі, мейірімді жүзімен қазақ жігітін баурап алған. Отағасы тұрғын үй шаруашылығы саласында еңбек етсе, жұбайы – үй тірлігімен айналысады. Бүгінде олар екі қыз екі ұл тәрбиелеп, қос ұлттың мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін ұстанып отырған бақытты отбасы.
Шакизан отбасының тұңғышы Владимир өз шаңырағын көтерді. Оның жұбайы Вероника – орыс ұлтының өкілі екен. Ол өз сөзінде алғашында қиналғанын,кейіннен үйреніп кеткенін,қазақ халқының қонақжайлылығының ұнайтынын, достары да әр ұлттың өкілдері екенін айтты.
Ладаның енесі Сайлаугүл Аманованың айтуынша : – Келінім қазақтың дәстүрін үйренген, ата-енесін сыйлайды. Басқа ұлт деп айтпаймыз, қазақтың келіні ,барлық шаруаны үйіріп әкетеді,-деп анасы келінін мақтап отырады.
Бұл отбасы бала тәрбиесіне де көп көңіл бөледі.Ұлы мен қызы Алматының беделді жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Кішкентай Бейбарыс биыл мектепке барады. Барлығы қазақ тілінде сөйлеседі,қазақ мектебіне барады. Христиан және мұсылман мейрамдары қатар тойланатын бұл шаңырақта ұлтқа бөліну деген жоқ. Себебі, ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайымдылық пен сыйластық үстемдік құрған. Содан болар, олар қашан да нәтижелі істерге үйір.
Берекелі отбасының басты қағидасы – татулық. Көпұлтты жанұя бола тұра, ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, жоғары бағалайтын осындай отбасылар мемлекетіміздің мықты тірегі саналатыны анық.

Мержан Меруерт
Журналистика 2 А

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *