Қысқы мектеп: Ақпарат тасқынынан қалай қорғанамыз?

12717371_221396988206771_8783739532708764378_n 12688255_221308058215664_6832038333095083791_n   12654242_220824684930668_1526566969829612894_n 12647318_220827191597084_7591873030527591495_n 12646941_221117294901407_2689740817689056460_n 12645138_220763298270140_2228387394586346672_nАқпанның 5-7-сі аралығында Алматы қаласы, Тау-Тұран білім беру-сауықтыру кешенінде Бүкіләлемдік радио күніне арналған “Симбиоз шешім : Интернет журналистика және сандық сауаттылық” атты III Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өз жұмысын нәтижелі аяқтады.

Шараның ұйымдастырушылары Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ . Серіктестері мен ақпараттық қолдаушылары Қазмедиа орталығы, «Қазконтент» акционерлік қоғамы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы және т.б. Медиа мектептің қатысушыларға берген пайдасы ұшан теңіз. Журналист болам деп келген жас студенттер ғана емес ұстаздар, кәсіби журналистер де медиа саласы жөнінде көкейінде жүрген сан түрлі сауалдарға тұшымды жауап алды.

Мастер-кластардың басты ерекшелігі тренерлер тек құрғақ лекция өткізіп қойма , керісінше студенттермен ойын ойнап , тәжірибе алмасып, еркін сұхбат жүргізді. Интернет журналистиканың, теле-радио журналистиканың, тіпті экономиканың біз білмейтін қырларын айқындап берді. Мәселен, публицист, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов ағамыз Интернет және ақпарат тақырыбында қызықты тренинг өткізді. “Егер мықты журнлалист болғыңыз келсе , ең алдымен мамандану керек , яғни әр салаға бас сұқпай, өзіңізге жақын тек бір саланы таңдап, соны жетік меңгеру керектігін” айтып кетті Әміржан ағамыз.

Ал Нұрлыбек Жеңісбектің сабағынан түйгенім – бүгінгі телеарналардағы рейтинг қуалау процесі рухани тоқырауға алып келе жатыр. Яғни қазіргі таңда сіз тек қуыршақ-тележүргізуші емес,өзі мәтін жазатын , өзі жүргізетін, өзі монтаж жасайтын әмбебап журналист болуыңыз керек. Танымал журналист Қанат Әуесбай әр журналистің өзіндік имиджі болу керек: жазу, оқу мәнеріңіз, жеке киім стиліңіз, бет-әлпетіңіз, ең аяғы ерекше сәлемдесуіңіз бәрі-бәрі сіздің жеке қолтаңбаңыз екендігін түсіндіріп өтті.

Біз тек журналистиканы оқып қана қоймай, экономика саласынан да біраз мәлімет алдық. Инвесторлар Альянсы РҚБ Президенті Азаматхан Әміртаев дағдарыстан шығу жолдарын, стратегия құру жоспарын да үйретіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Жайдары көңіл-күйімен барша қатысушыларды баурап алған диктор Мұхамедәлі Болатұлы ағамыз бізді радионың тарихымен, біз білмейтін артықшылықтарымен, қызықты фактілермен таныстырып өтті.

Ал, СДУ «Журналистика» кғафедрасының меңгерушісі, ұстазымыз Есенгүл Кәпқызы «Ақпаратқа қол жетімділік және ақпараттың шынайылығын тексеру» турасында қазіргі журналистикадағы қателіктерді санамалап, журналист ескеруге тиіс ойларын ортаға салды.

Жалпы әр лектордың дәрісінен өзіндік бір өнегет алдық. тағы бір айта кетерлік жайт, бізбен бірге Қырғызстаннан келген бауырларымыз да сабақ алды.Жаңадан танысқан достарымызбен қимай-қимай қоштасып , жазғы мектепке де қатысуға бел будық.

Аида Рахым, СДУ-дің І курс студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *