мағжандықтар жарады

Мағжандықтар жарады

“Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде(автобус, метро) Сүлейман Демирел университетінің “Мағжан”, Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің “Тағылым” және Қыздар Педагогикалық Университетінің “Назқоңыр” әдеби ұйымдарының бір топ студенттері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85-жылдығына орай Мұқағали шығармашылығынан үзінділер оқып, Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді орындады. Халыққа ерекше ұнады, тіпті кейбірі осындай жастардың бар екеніне қуанып, көзіне еріксіз жас алды…” деп хабарлайды “За тебя, Бәке” паблигі. 

Университетіміздегі “Мағжан” әдеби ұйымының басшысы, шараға қатысушы Айдана Жантай: “Негізі бұл шара  ҚазҰПУ студенттерінің бастауымен ұйымдастырылды. Біздің университет атынан 9 студент қатысты: Саламат Рысқұлов, Әлия Өзбекбай, Нұрдана Советхан, Ардақ Батырбек, Ақсымбат Құдас, Жұлдыз Абдуллаева, Дәурен Төлеу. Алда басқа да елеулі тұлғаларымыздың мерейтойларына орай осындай іс-шаралар өткізу жоспарда бар”.

“Қазақ филологиясы” кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. ассист.профессоры Айсұлу Нұржанова шара жайлы: Біз кафедра тарапынан шараға қатысқан студенттерімізге қолдау көрсеттік: сабақтан босаттық, жарнама бөлімінен арнайы СДУ логотипі бар киімдерді алдырттық. Жалпы, шараны өткізу туралы шешім аяқ асты қабылданса да, шара жоғарғы деңгейде өтті”. Оның дәлелі – әлеуметтік желі қолданушыларының пкірі. Қазіргі уакытта өткізілген шара видеосы инстаграм, вконтакте сынды желілерде танымал және 10 мыңнан астам лүпіл, яғни лайк жинап үлгерген.

  1. Студент

    Мағжан сенген жастар, сол сенімді ақтап жатыр!!!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>