ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы: “We trust SDU”

министр1

“We trust SDU” деп студенттермен кездесуде сөзін бастаған ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы 11 сәуір күні университетімізге  ресми сапармен келген болатын.  Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқу ордамыздың білім базасы мен оқытушылар құрамымен танысу.

министр3

 

 

минситр2

министр5

Ерлан Кенжағалиұлы қызығушылығын тудырған 3D зерттеу орталықтарымен танысып, аралады.  Оқытушылар мен студенттермен әңгімелесті.  Сенат залында профессорлармен  университетіміздің факультеттерінің кеңейтілуі жайында  сұрақтарды талқылады. Студенттер еркін түрде өткен кездесуде ағылшын тілінде сауалдарын қойып, министрден ағылшын тілінде жауап алған болатын.

министр7 министр6

Дәл қазіргі уақытта президент тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі 3 тілді оқыту жүйесі қолға алынып жатыр.  Министр 20 жыл ішінде Университетіміздің ағылшын тілінде  білім беру арқылы  аты танылғандығын атап өтті.  Сонымен қатар,  еліміздің мақтанышы  білімді жастар екендігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *