Тағы бір тың жоба

        

Infomatrix 2016

Infomatrix 2016

         Сәуірдің 13 – нен бастап университетімізде жыл сайын өткізіліп тұратын Халықаралық INFOMATRIX ғылыми жоба жарысы басталды. Бұл жобаға жыл сайын әлемнің түкпір – түкпірінен жиырмадан астам мемлекет қатысады. Шара 3 күнге дейін созылып, 16 күні жабылу салтанаты жыл сайынғы дәстүрлі түрде тойлап келе жатқан “Наурыз” мерекесімен аяқталады.

            Биылғы шараға Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыстан, Түркия, Украина, Ирак, Сомали және өзіміздің елден бірқатар жоба авторлары қатысады. Университетімізде биыл осымен үшінші жыл ұйымдастырылып жатқан жоба жарысына көптеген дарынды, талантты болашақта инженер мамандығының жілігін шағып, майын ішетін оқушылар қатысады екен. Компьютерлі жобалар, оқушылардың ойлап тапқан тың идеялары 3 күн бойы студенттер мен жоба ұйымдастырушыларына көрсетіліп, таныстырылып, жоба жеңімпазы ҰБТ-дан босатылады және қалаған университетіне оқуға тапсыра алады. Осындай шараға биыл бірінші рет қатысып отырған, Алматыдағы  халықаралық Galaxy мектебінен келген Мерием Сюрмен өзінің ойымен бөлісті. Сілтемеден толық көре аласыздар.

    


Бұл жобаның негізгі мақсаты -  оқуышылар арасында қызығушылықты, компьютерлік техникаға деген ынтасын ояту. Шет елден келген оқушылар болса, Қаскелеңнің табиғатын тамашалап, наурыз көжеміздің дәмін татады.

Жансерік Тілеухан

Баян Тоқан

Айсұлу Болысбай

Асем Жаукен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *