Инфоматрикстің ресми логосы

Айдын Молдасанов InfoMatrix-тың ең жас қатысушысы

Айдын түсірген фильмнің постері

Айдын түсірген фильмнің постері

Сәуір айының  13-16 аралығында Сулейман Демирел Университетінде INFOMATRIX   халықаралық  сайысы өтеді. Бұл —  компьютерлік жобалар жарысы.  11 елден 220 астам қатысушы  5 бағыт бойынша жарысқа түседі.

Айдын көрермендерге өзінің туындысы жайлы баяндауда

Айдын көрермендерге өзінің туындысы жайлы баяндауда

 Молдасанов Айдын Қырғызстанның тумасы. Қазір  Украина атынан жарысқа қатысуда. Олар отбасымен 2006 жылы  Киевке қоныс аударған. Компьютерлік дизайн және бағдарламалау бағыты бойынша Айдын бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанды.

Айдын мен атасы

Айдын мен атасы

 Қазақстандағы  бұл жарысқа Айдын Молдасанов серігі Булько Михаилмен бірге жасаған жобасы —  қысқа метражды кино.  «Превосходство» (Transcendence)  аталатын фильмнің айтар ойы виртуалды әлемді қолдайтын баламен, шынайылықты таңдайтын досының өмірін салыстыра отырып, қазіргі қоғамның басты мәселелерін көрсету.

Айдын Украина лицейінен Азия құрлығында өтіп жатқан халықаралық жарысқа тұңғыш, әрі ең жас қатысушы. Небәрі 10 жасар лицей шәкірті болашақта компьютер маманы болуды армандайды.

Шығармашылық топ: Әлішер Келгенбай, Бексұлтан Нөкербан, Ерсайын Амрин, Пердәлі Рақым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>