Work and Travel программасы

pmv7ap_k148 XXI ғасыр — мүмкіндіктер ғасыры. Осыдан 15 жыл бұрын студенттердің арманы Еуропаның орташа мемлекеттері болса, қазіргі таңда жаз мезгілінде студенттер АҚШ-та демалып, әрі жұмыс істеп қайтуларына мүмкіндіктер бар. Қазақстандағы бұл саладығы ең танымал программа ол — Work and Travel. Бұл программаның мақсаты студенттердің жаз мезгілін тиімді әрі қызықты қылып өткізуге өз көмегін беру. Шынымен, сіз қызықты қалаларды аралап, Американың тарихымен тарихымен танысып, ағылшын тілі деңгейіңізді көтеріп қана қоймай, біраз ақша таба аласыз. Студенттер жазғы каникулдарында АҚШ-та жұмыс істеу арқылы 4-15 мың доллар арасында ақша табалады. Шыны керек, бір степенияға зорға күн көріп жүрген студент үшін, бұл сумма өте қомақты болып есептеледі.

Ақш-қа келген студенттердің барлығы Exchange Visital статусын және жұмыс істеуге арналған келісімін алады. Бұл программа 1957 жылы ашылып, қазіргі таңда 40-тан астам мемлекеттердің студенттерімен жұмыс жасап отыр.

Программамен кім бара алады?

Программаның талаптары: Студент күндізгі оқу бөлімінде оқуы керек, жасы 22-ден аспаған және ағылшын тілі деңгейі орташадан жоғары болуы тиіс. Тағыда айта кететін мәселе, студенттің жұмыс істеуге келісімі, J-1 visa-сы және DC-2013 формасы болу керек.

Бұл документтерді студенттің өз бетімен жинауы қиынға созады, сол себепті ол — Work and Travel агенттіктерінің көмегіне мәжбүр.

Агенттік сіздің документтеріңізге, елшімен интервьюыңызға және АҚШ-тағы жағдайынызға жауапты болады. Сол себепті сіздің бірінші кадамыңыз өзінізге ыңғайлы агенттік табу болады.

Ондай агенттіктер Қазақстанда жетерлік. Мысалы: ЦМО, Columbos, Western.

                   Программа қандай мүмкіндіктер  береді?

Программамен барған студент, АҚШ-тың кез келген халыққа қызмет көрсету сферасында жұмыс істей алады.

Сіз АҚШ-тың New York, San Fran, Boston, Chicago сынды қалаларында қыдырып, сұлулығына тамсана аласыз.

Әрбір студент өзінің талабына сай жұмыс істей алады, тіпті бірнеше жұмыста жұмыс атқара алады, Статистика бойынша студенттер күніне 10-15 сағаттан жұмыс істейді

Ағылшын тілінің денгейі өседі. Бірнеше аптаның ішінде сіз тілдік барьеріңізді асып, еркін өз ойыңызды білдіре аласыз.

Work and Travel — өз күшіңді сынап, алдағы мақсаттарынызға жол салады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>