unnamed

Instagram-дағы СДУ өмірі


KazPravda сайтының 2014 жылы жариялаған Ұлттық көпсалалы ЖОО рейтингісі бойынша СДУ 17-орында. Бұл рейтинг білім сапасын қамтамасыз етудегі Тәуелсіз қазақстандық агенттік тарапынан жүргізіледі. Рейтинг нәтижесі еліміздегі 477074 студенттің (ақпарат stat.gov.kz сайтынан алынған) арасынан топ жарған студент ордаларын анықтады. 125 ЖОО ішінен 17-ші орынға жайғасқан СДУ студенттерін үздік еткен қандай қырлары бар? Әрине, оқу үлгерімінен басқа. Бос уақытында, әсіресе Instagram кеңістігінде немен айналысады және қандай парақшалары бар? Бұл сұраққа біздің жүргізген рейтинг арқылы жауап бере аламыз.

SDUKZ хэштегімен Instagram желісінде 2 913 фото жарияланса, тэгті қолданатын парақшалар саны елуден асады. «ТОП-10 үздік инстаграм парақша» тізімі тек «оқитын» қолданушы саны арқылы таңдалды:

1. @sdukz — 9431 оқырманы бар университеттің ресми Instagram парақшасы;

2. @justeasydone — 15 секундтық вайн видеолар түсірумен бастаған көңілді парақша, 7647 оқырманымен мақтана алады.

3. @sdu.faces — университет тынысымен сапалы фотосуреттер арқылы бөліседі. Бірнешежылдық жұмысымен 2105 оқырманның сенімін жаулап алған.

4. @sdu.vine — СДУ қабырғасында студент-журналистер тарапынан құрылған, вайн-жобалармен айналысатын ұйым. 1305 оқырманы бар.

5. @sdu_business_school — «Бизнес клуб» студенттік ұйымның ресми парақшасы.  1274 жас бизнесмендер ортасы қалыптасқан.

6. @sdu.insta — креативті әрі белсенді студенттердің парақшасы. Парақшаны «тэгтеп» жіберу арқылы өз фотоңызды жүктей аласыз. Ескере кетерлік жайт, сіздің СДУ студенті болуыңыз шарт. 1101 оқрманы бар.

7. @vision.sdu — 1902 қолданушысы бар клуб парақшасы. Ұйым университет қабырғасында ресми тіркелген, әрі бірнеше мәрте «Үздік клуб» атағына ие болған. Дегенмен, кез келген студент ұйым мүшесі бола алмайды, себебі ұйым тек қыздарды қабылдайды.

8. @sdu_volunteers — «Бір отбасы» кредосын ұстанған 1086 оқырманы бар. Еріктілер қатары да СДУ студенттерімен толыққан және толығуда.

9. @sdu_eng_debates — «Дебат» клубының ағылшын лигасына арналған парақшасы қазақ, орыс тілді дебатерлерден  864 қолданушысымен озып кетті.

10. @sdu_sch - университеттің қоғамдық өмірін жандандырып, қызықты етумен айналысатын Мәдениет және Денсаулық Департаменті парақшасы. Барлық студенттік ұйымдарды біріктірсе де, үздік ондықтың тізімін тамадайды. 848 оқырманы бар.

Сонымен қатар айтпай кетуге болмайтын жайт 2017 жылдың басында ғана ашылған @sdugram парақшасы небәрі екі ай ішінде 660 оқырманын жинап үлгерді. Қызықты әрі көңіл көтерерлік контентімен жақын арада үздік ондықтың қатарына қосылса, таңқаларлық емес.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>