16584048_1272404769481725_5561850487881334784_n

СДУ ішкі олимпиадасы (SPT)


СДУ ішкі олимпиадасының (SPT) басталуына небәрі он күн қалды, ал тіркелу сегіз күннен соң аяқталады.

Осымен үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан SPT (SDU Proficiency Test) олимпиадасы биыл Республикалық деңгейде 5 наурыз күні  еліміздің ірі қалаларында өтеді. Олимпиада нәтижесі бойынша алғашқы жылы 80 грант жеңілдігі бөлінсе, 2017 жылы СДУ студентінің саны 250-ге артпақ.

SPT (SDU Proficiency Test) – бұл ағымдағы жылдың мектеп / колледжтүлектеріне арналған СДУ ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты — талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және де түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Өзіне сенетін әрбір талапкер осындай мүмкіншілікті жіберіп алмауы керек.

SPT таңдау пәніне қарай 5 кластер бойынша өткізіледі: физика,география, ағылшын тілі, әдебиет және дүние жүзі тарихы. Олимпиадада аталмыш пәндерге қосымша математика, ағылшын тілі, қазақ / орыс тілі, Казақстан тарихы пәндерінен сұрақтар болады. Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 250 қатысушы СДУ-дың грант және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады. Сертификат 4 оқу жылына жарамды.

СДУ ішкі олимпиадасы (SPT) 2017 жылдың 5 наурызында (Астана уақытымен сағат 11:00-де) өткізіледі. Олимпиада 11-сынып бағдарламасы негізінде, тест түрінде қазақша не орысша болады. Талапкер 3 пән бойынша 100 сұраққа жауап береді.

Олимпиадаға қатысу тегін, кез келген қатысушы sdu.edu.kz/spt сайтында 28 ақпанға дейін тіркелу арқылы қатыса алады.

Толығырақ PR және маркетинг департаменті меңгерушісі Омарбек Нурбавлиевпен сұхбатта.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>