comscore

СДУ: Әлеуметтік желілер рейтінгісі

СДУ студенттерінің  қайсы әлеуметтік желіні жиі пайдаланатынын білесіз бе? Немесе олардың артықшылығы мен кемшіліктерін? Күнделікті хат алмасу, әлем және достарымыз бен туыстарымыздың жаңалықтарын көру, білу үшін әлеуметтік желіні пайдаланамыз. Бірақ…

 Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жастардың өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін топтар өте көбейіп кетті. Бұған, жақын арада орын алған «көк кит» мәселесі негіз бола алады.

Әлеуметтік  желіні «әлеуметтік медиа»  деп  те  атайды. Бұл – адамдардың  бір-бірімен  ғаламтор  арқылы  өзара  байланысын  қамтамасыз ететін  интернет  сайт(тар). Жалпыға  ортақ  сөзбен  айтар  болсақ,  әлеуметтік  желі  дегеніміз  бұл  –  адамдар  мен  олардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы.

Ал  енді, СДУ студенттерінің  пайдаланатын  әлеуметтік  желілер рейтінгісін жариялайын.

4-орын

Mail.ru әлеуметтік желісінің белгісі
Mail.ru әлеуметтік желісінің белгісі

Сұралған 63 респондентіміздің 7-і  Mail.ru — ды танысу, әңгімелесу  және 32-сі желінің хат алмасуға арналған почтасын пайдаланатынын айтты. Бұл желі көбінесе мәлімет алғаннан көре әңгімелесуге ыңғайлы. Оған  себеп  Mail.ru-дың  Agent  деген  смайликтер  мен  әр түрлі  статустарға  толы  бағдарламасының  бар  болуы. Сондықтан,  жастар арасында  танысу, пікір  алмасу, фотоларын  көріп, өзіне  ұнаған  адамын табуға  үлкен  мүмкіндік  береді.

Қолданушылары: негізінен 14-25 жас  аралығындағы  оқушы  және студент  жастар.

Артықшылықтары:  Басқа  әлеуметтік  желілерде  көп   кездеспейтін  ГОСТИ (ҚОНАҚТАР) бөлімі  бар, яғни  сіздің  бетіңізді  қараған қолданушыларды  біліп  отырасыз. Тағы  бір  артықшылығы  Agent  қосымша бағдарламасының  бар  болуы. Ол  арқылы  сіз  браузердегі  mail.ru  сайтына  кірмей-ақ  Agent  арқылы  қарым-қатынас  жасауға  болады.

Кемшіліктері: Қазақша  әріптер  көрінбейді, орнына сұрақ белгі шығып  кетеді. Share, Поделиться, Бөлісу  деген  нәрсе  жоқ. Оның орнына  Нравится (Like)  дегенді  бассаңыз, сол  Share-нің  қызметін  атқарады. Көбіне  ТМД  елдерінде   қолданылады, әлемдік   деңгейге  шықпаған, орысшадан  басқа  тілдерге  баптаулар  жоқ.

3-орын

Фэйзбук әлеуметтік желісінің белгісі
Фэйзбук әлеуметтік желісінің белгісі

СДУ студенттерінің арасындағы келесі танымал Facebook. 63 респондентіміздің 52-і  бұл әлеуметтік желіні қолдананатынын айтты. Facebook.com – жаңалық алуға, дос табуға, уақыт  өткізуге, ең бастысы көптеген  пайдалы  нәрселер  алуға  ыңғайлы  әлеуметтік желі.

Қолданушылары: 7 жастан 70 жасқа дейінгі қолданушылар. Негізінен, көбіне,  20-40 жас аралығындағы  адамдар.

Артықшылықтары: Дүние  жүзінен  достар  табуға  болады. Топтар ашып, көптеген  жұмыс  бітіруге, тікелей эфирге де шығып, жазылушыларыңызбен де тілдесуге  болады. Сайлаудың  алдында  қандай  ресми  партиялар  бар  екенін, қандай  көсемдер  мен  шешендер  бар  екенін білуге  болады. Біреудің  бір  суреті, видеосы  немесе  жазбасы  ұнаса, оны басқалармен  бөлісуге  болады. Қазақ, орыс  немесе  ағылшын  тілдерінде  баптаулар  (Настройки) жасауға  болады.

Кемшіліктері: Жастарға  онша  қызық  емес. Бұл  жер де  біреудің жаңа  суреттерінен  талқылаудан  көрі  “салмақты”  әңгімелер  көп  болады. Қысқасы, бұл  жерде  босқа  отыратындар  аз.

2-орын

Инстаграм әлеуметтік желісінің белгісі

Сұралған студенттеріміздің арасындағы келесі танымал Instagram. 63 респондентіміздің 59-ы  бұл әлеуметтік желіні қолдананатынын айтты. Instagram.com – жаңалық алуға, дос табуға, өзіңізге қажетті дүниенің барлығын табуып, сатып алуға  ыңғайлы  әлеуметтік желі.

Қолданушылары: 10-40 жас аралығындағы оқушы, студент, танымал әншілер мен кәсіпкер  адамдар.

Артықшылықтары: Дүние  жүзінен  достар  табуға  болады, тікелей эфирге шығып, жазылушыларыңызбен тілдесуге  болады. Жүктеуге арналған фотоларыңызды сүзгіден өткізе аласыз.

Кемшіліктері: Басқа әлеуметтік желілерге қарағанда жеке парақшаңыздағы жазбаларыңызға қатысы пікірлер көп қалдырылады. Ұнаған посттармен бөлісу үшін немесе фотоларды біріктіру үшін арнайы қосымшалар жүктеуіңіз қажет.

1-орын

ВК әлеуметтік желісінің белгісі
ВК әлеуметтік желісінің белгісі

СДУ студенттерінің арасындағы кең танымал және бәсі жоғары болып тұрған Vk.com  желісі. 63 респондентіміздің барлығы дерлік Вконтактыны қолданатынын айтты. Бұл желіні mail.ru-дың   дамыған,  Facebook.com-тың «кіші» көшірме түрі  деуге  болады. Бірақ  Agent  сияқты  бағдарламасы  жоқ. Бұл  әлеуметтік   желі  де танысып  пікір  алмасуға  арналған.

Қолданушылары: негізінен  10-30 жас  аралығындағы  адамдар.

Артықшылықтары: Mail.ru-ға  қарағанда  өзіңе  керекті  адамдарды табуға  ығайлырақ. Мысалы:  сол  оң  жақтағы  “Іздеу”  дегенді  басып, адамдардың  ішінен  қалаған  жастағы,  қалаған  жыныстағы,  қалаған  елдегі адамдарды  табуға  болады. Видео  көруге  өте  ыңғайлы. Видеолар  өте  көп. Көптеген  киноларды  табуға  болады. Ең  бастысы, қазақша  және  басқа тілдерде  баптаулар  ( Настройки)  жасауға  болады.

Кемшіліктері:  Басында Mail.ru-дағы  сияқты  Share, Поделиться, Бөлісу  деген  нәрсе  жоқ етінді. Оның  орнына  Нравится (Like)  деген  бар болған. Кейіннен барып  Бөлісу іске қосылды. Жеке  бетіңе көп спам  фотолар  келеді. Теріс ағымдағы топтар өте көп.

Әлеуметтік желі түрі

Сауалнамаға қатысқан студенттер саны Аталған әлеуметтік желіні қолданушы респонденттер саны

Mail.ru

63

32

Facebook.com

63

52

Instagram 63

59

Vk.com

63

62

 

Заманауи  көзқарас  бойынша,  ақпаратсыз  қалған  қауым  қараңғы болып  саналады. Шексіз, шекарасыз ақпарат торабы әлем елдерінің халқын бір-бірімен байланыстырып отыр. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілердің маңызы зор. Еркін ақпарат ұғымы жайлы сөз қозғағанда ең алдымен осы әлеуметтік желі жайлы айтамыз. Ақпарат еркін түрде тасымалдау, адамдардың бір-бірімен коммуникацияға түсуі, виртуальды әлем арқылы ақпарат алмасу, ой бөлісу, тіл біліміне қарай мемлекет шекарасынан шығу – бүгінгінің заманауи талабы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>