Университет таңдауға 5 кеңес

Мектеп кезіндегі өміріңіз сіз үшін ең бақытты немесе, керісінше, көңілсіз кезең болып өтті ме? Ең көңілсіз деп есептесеңіз, бітіруіңізге аз қалды, құттықтаймыз.

giphy

http://giphy.com сайтынан алынды

Ал егер сізден бақытты оқушы табылмаса, алдағы өміріңізді де қызықты сәттерге толтыру тек өзіңізге байланысты. Осы ретте маңызды қадам – университет таңдаудан жаңылмау қажет. Келер төрт жылдық студенттік өміріңіздің қалай және қай жерде өтетіні – сіздің қолыңызда.

Сонымен, қалай таңдау жасаймыз?

Әрине, университет таңдау мәселесіне мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, яғни ертеректен көңіл бөлген жөн.  Бұл жолда сіздің таңдаған мамандығыңыз бен оқу орны жайлы максимум ақпаратқа ие болыңыз.

Назар аударыңыз! Мамандығыңызды тек төрт жылдық оқу ретінде емес,  өзіңізге қызықты әрі пайдалы жұмыс алаңы ретінде санау абзал. Себебі, zakon.kz сайтының статистикасына жүгінсек, түлектердің 50%-ға жуығы өз мамандығымен жұмыс істемейді.

Мамандығыңыз немесе жұмыс алаңыңызды анықтап алсаңыз, екінші қадам ЖОО-ын таңдау болып табылады. Ол үшін қай елде білім алғыңыз келетінін де ескеруіңіз қажет. Шетел аспай, Қазақстанда білім алуды шешсеңіз, сізге мына ТОП рейтингті оқуға кеңес береміз.

Рейтинг гуманитарлық, техникалық, медициналық сынды бағыттар бойынша берілген. Екінші маңызды қадамның бес алғышарты бойынша таңдау жасауды ұсынамыз. Бес алғышарт төмендегі бес сұраққа жауап беру қажет:

1. Университет қай жерде орналасқан?

2. Оқу құны

3. Сіздің мамандығыңызды бітіруші түлектің қорытынды ойы қандай?

4. Қандай ұстаздар, профессорлар сабақ береді? Олардан нені үйрене аламын?

5. Студенттік өмір қаншалықты қанық? Қандай департаментке мүше болғым келеді?

Сіздің ойыңыздағы университет бұл бес сұраққа ойланбастан жауап беруге дайын болса, жауаптарыңызды қанағаттандырарлық болса, сізді тағы құттықтаймыз: сұрақтың кілті табылды.

giphy-1

http://giphy.com сайтынан алынды

P.S. Толығырақ ақпаратқа ие боламын десеңіз, мына сұрақтардың жауабын да үйренуге кеңес береміз.

post-_02_new_1452080701

Университетке сауалым бар

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *