СДУ-лық еріктілер марапатталды

Сіз үшін, Универсиада 8 ақпан күні аяқталса, еріктілер үшін, бұл маңызды шара бүгін аяқталды. Нақтырақ айтсақ, бүгін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындауға және өткізуге атсалысқаны үшін еріктілерге алғыс айтылды. Еріктілерді марапаттау салтанаты Алматыдағы Республика сарайында өтті.

Ең бірінші еріктілер алдында Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров сөз сөйледі: «Универсиаданы ұйымдастыруға көптеген адамдар атсалысты. Олардың ішінде нысандарда еңбек еткен еріктілер де бар. Студенттік ойындарды ұйымдастыру ісіне баға жетпес ерен үлес қосқан еріктілерімізге алғыс білдіреміз. Универсиада алдағы уақытта халықаралық іс-шараларды өткізу үшін Қазақстанда еріктілер қозғалысын қалыптастыруға көмектесті».

Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров

Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров

Кездесу кезінде еріктілердің барлығына ресми сертификаттар табысталып, үздік жұмыс жасаған жастар естелік дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда, Айгерим Юзик «Ерлік іс» аталымында, ал Серік Есматов «Бойтұмармен бірге түсірілген ең үздік фотосурет» аталымында димплом алды. Аружан Әлімжан ең үздік үйлестіруші, ал Лейлі Мұқашева ең үздік ерікті деп танылды.

Аталымдар бойынша жеңімпаздар

Аталымдар бойынша жеңімпаздар

 

«Бойтұмармен бірге түсірілген ең үздік фотосурет» аталымын жеңіп алған фото

«Бойтұмармен бірге түсірілген ең үздік фотосурет» аталымын жеңіп алған фото

Дүбірлі додаға университетіміздің студенттері де атсалысты. Солардың бірі – Динара Шерім.  Ол, Универсиаданың оның өмірінде алған орны жөнінде айтып берді. “Ойындарды ішінен көріп, жарыс рухын сезінуден үлкен қуаныш алдым. Бұл маған, бірінші кезекте, ең жарқын сезімдерді сыйлап, менің дүниетанымды кеңейтті”, – дейді университетіміздің студенті Динара Шерім.

Университетіміздің тағы бір студенті Жүсінәлі Шанабек те өзінің алған әсерімен бөлісті. “Ерікті болу, мен үшін, ең алдымен үлкен сенім мен жауапкершілік. Мен, сол сенімді ақтай алдым деп ойлаймын. Шынымды айтсам, сол күндерді өте сағынамын. Кейде, универсиада кезіндегі түскен фотоларға қарап, сол күнге оралғым келеді. Ерікті болудың арқасында көптеген достар таптым”, – деп өзінің жүрек жарды сезімін білдірді.

Кештің қалай өткенін төмендегі кішігірім бейнероликтен тамашалай аласыз.

Естеріңізге салып өтсек, Универсиадаға атсалысқан 3000 ерікті өтінім жіберген 14 мыңнан астам үміткердің ішінен іріктеліп алынды. Олардың жұмысына тренингтер, дәрістер және спорт нысандарында квестен өтіп, тиісті дайындық алған 150 үйлестіруші жетекшілік етті. Еріктілер сан алуан қызмет түрлерімен айналысты, олардың көпшілігі спорт жарыстарындағы жұмыстарға атсалысты. Сондай-ақ, олар өткізуді бақылау қызметі, көлік, баспасөз қызметі, медициналық көмек, Атлеттер ауылы, көрермендермен жұмыс жасау, мәдени іс-шаралар, жайғастыру, аккредиттеу, қауіпсіздік, бас ақпараттық орталық секілді тағы да басқа жұмыс телімдерінде еңбек етті.

Сертификат иеленген еріктілердің қуанышында шек жоқ

Еріктілер қозғалысы студенттік ойындардың жабылуымен аяқталған жоқ. Қазірдің өзінде «Еріктілер лигасының» қолдауымен 5 мыңнан аса кәсіби ерікті дайындалып отыр. Оларға арнап ағылшын тілін бастапқы деңгейде үйрету, ұжымдастыру және қалалық экскурсияларды өткізу бойынша курстар ұйымдастырылды.

Қосымша мәлімет: кездесу кеші өткен жер.

https://www.google.com/fusiontables/DataSource?docid=1ccIYvDNpHep8t2E0e293XoTGVRzKHp02DaQuQ6CA

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *