Профессор
Амангелді Айталы

СДУ-да конференция өтті

 

 

Конференцияда отырған ғалымдар

Конференцияға қатысқан ғалымдар

24 ақпан жұма күні Сулейман Демирел Университетінде « Мәңгілік ел құндылықтары: қоғамның әлеуметтік – рухани дамуының негізгі мәселелері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.Конференцияның басты тақырыбы  мәңгілік ел идеясы.  Еліміздің өркендеп дамуы үшін керек басты нәрсе тыныштық пен тұрақтылық екендігі  қамтылды.  Сондай –ақ мемлекеттік бірегейлік пен азаматтық бірегейлік ұғымдарының мағынасын аша отырып, бүгінгі күнде мемлекеттік бірегейлікті кеңінен насихаттау атап өтілді.

Профессор Амангелді Айталы

Профессор
Амангелді Айталы

Аталмыш жиын барысында қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталы халықтың ішіндегі орта тап өкілдеріне тоқтала отырып, елдің болашағын ойлайтын аталған тап өкілдері екендігін айтты. Осы орайда қытайтанушы Набижан Мұхаметханұлы ҚХР –ның халқына жүргізіп отырған саясатын салыстыра отырып, мәңгілік ел құру үшін – ұлттық біртұтастық маңыздылығын тілге тиек етті.  Жиын барысында мемлекеттің негізі болып табылатын тіл мәселесі де қарастырылды. Ал осы мәселені шешу үшін шет тілдерін 4-6 сыныптан бастап оқытылса, деген ұсыныстар да түсті.  Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына әр түрлі стратегиялық ойындар ұйымдастыру арқылы насихатталса деген ойлар да ортаға салынды.

Конференцияға А. Айталы, Х. Әбжанов, Р. Қадыржанов, Н. Мұхаметханұлы, Ә. Масалимова, Б. Сатершинов, А. Избаиров, А.Ескендір, М.Асанбаев Е. Кәпқызы, Е.Асылтаева  т.б. түрлі саланың ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жалпы жиын соңында қатысушылар бірауыздан мәңгілік ел болу үшін еліміздің әр азаматы елін сүйетін, елі сүйетін адам болу керек екендігіне қосылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>