Оқу ақысына “үңілу”

Бəрімізге белгілі, жыл сайын Сулейман Демирель университетінде оқу ақысының қымбаттайтыны. Бірақ, көбіміз қаражаттың қанша теңгеге қымбаттап, қанша пайызға  өскеніне мəн бермей жатамыз.

Осыған орай, мен екі жыл бұрынғы жəне биылғы оқу ақыларын салыстырып инфографика жасауға шешім қабылдадым.

Ең бірінші, университетіміздің экономика және әкімшілік басқару ғылымдары факультетінің оқу ақысына назар аудардым.  Бұл факультетте 5 мамандық бойынша білім ала аласыз. Қаржы, есеп және аудит мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын топтары быр. Басқалары тек ағылышын тілінде білім беріледі. Бұл бөлімдегі  оқу ақысының орташа көрсеткіші 1060714 теңгені құрайды. Бұл бөлімдегі екі жылда оқу ақысы қатты өскен (365 мың теңге) мамандық – есеп және аудит. Бірінші курсқа қабылданған студенттер 1200000 теңге төлейді (ағылшын тобы). Факультеттегі ең қымбат – қаржы мамандығы (1225000 теңге).

%d1%8d%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%be%d0%bc

Келесі, филология және педагогика ғылымдары факультетінде 5 мамандық бойынша білім ала аласыз. Орташа жылдық оқу ақысының құны 750000 теңгені құрайды. Жалпы, СДУ-дағы ең арзан бөлім болып саналады. Бұл факультеттегі ең қымбат (900000 теңге) және екі жылда бағасы көп көтерілген (175 мың теңге) – екі шет тілі мамандығы.

%d1%84%d0%b8%d0%bb%d1%84%d0%b0%d0%ba

Инженер және жаратылыстану ғылымдары факультетінде 4 мамандық бойынша білім беріледі. Барлық мамандықтардың қазақ және ағылшын топтары бар. Бұл бөлімдегі орташа оқу ақысының көлемі 953125 теңге. Факультеттегі ең қымбат (1200000 теңге) және соңғы екі жылда оқу ақысы көп көтерілген (290 мың теңге)  – есептеу техникасы және бағдарламалау мамандығы .
%d0%b8%d0%bd%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%80

Келесі, құқық және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар факультетінде 4 мамандық бойынша білім ала аласыз. Бұл бөлімдегі орташа оқу ақысының көлемі 987500 теңге. Факультеттегі және университеттегі ең қымбат (1250000 теңге), соңғы екі жылда оқу ақысы көп көтерілген (180 мың теңге)  – халықаралық қатынастар мамандығы . Биыл ғана журналистика және халықаралық қатынастар мамандығы  осы факультеттің құрамына енген болатын. Бір қызығы, тарих мамандығының оқу ақысы 50 мың теңгеге арзандаған.
%d2%9b%d2%b1%d2%9b%d1%8b%d2%9b

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *