“Замана”-мен жаңа заңғарларға

5mn5undcnbsСДУ-да студенттерді жаңа қырынан танытатын «Замана» атты тарихи-интеллектуалды клуб ашылды. Басты мақсаты – ата-баба дәстүрін, тілін, тарихын негізге алып, студенттерді рухани, интеллектуалды мықты тұлға болуына, патриоттық сезімдерінің артуына атсалысу. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді жандандыру.


Наурыздың 14-і құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары Жеңісбек Төлен мен Ернар Ұстағалиевтің жетекшілігімен «Замана»-ның ашылу салтанаты өтті. Шараның қонақтары: СДУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Салтанат Әмірғалиева мен Ғылыми істер жөніндегі проректор Нұрлыбек Сейітқұлов, сонымен қатар, құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің басқармасы болды.gg57qtmuqcq

Клубтың ашылу салтанаты патриоттық ән мен күй, ұлттық бимен басталды.  Клубты таныстыру барысында интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны өтіп, қатысушыларға естелік ретінде кішігірім сыйлықтар табысталған соң, шара тәтті фуршетпен аяқталды.

Оқу ісі жөніндегі проректоры Салтанат Әмірғалиева: «СДУ-да «Замана» ашылуын салтанатты концерттік бағдарламамен өткізген бірден-бір клуб. Келелі істер мен салмақты мақсаттарын алға қойған «Замана» клубы болашақта студенттердің рухани дамып, жетілуіне зор әсерін тигізеді деген үміттемін».

Әзірше, «Замана»-ның құрамында шамамен 30 студент бар. Алдағы уақытта олар түрлі интеллектуалды конференция, жиналыс, пікірталас, кездесулер, әрі Наурыз мейрамында танымдық ойындар өткізеді.

Болашақта университет қабырғасында қазақтың ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынын жандандыру клуб жоспарында бар. Сонымен қатар, «Замана» алдағы оқу семестрінде қытай, араб, парсы, төте жазу сияқты тарихи тілдерді үйрететін курстарды қолға алуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, университетімізде бұрын-соңды болмаған қазақи болмыста “Жігіт сұлтанын” өткізу де жоспарлар тізімінде бар.

Аталмыш клубтың басшысы құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 4-курс студенті Нұрасыл Икрам: «Замана» – көне парсы тілінде «уақыт» дегенді білдіреді. Ал тарих уақыттың кеңістігінде жазылады. Сол себепті клубтың атын «Замана» деп қоюды ұйғардық. Бұл жобаны бір жыл бойы өсіріп, өндіріп, жетілдіріп, енді міне, іске қостық. “Замана”  ата-бабаларымыздан қалған тіл, тарих, дәстүр секілді асыл мұраларды студенттердің бойына сіңдіріп, болашаққа насихаттайды».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *