сурет afisha.kz сайтынан алынды

Брайан Трейси: Мен өз өмірімді өзгерттім

Брайан Трейси – әлемге танымал бизнес  тренерлердің бірі.  Жақында елімізге келіп, бизнесмендерге дағдарыстан шығу жолдары туралы тренингі болып өтті.  Алайда ол бәріне бірдей қолжетімді болмағандықтан, барғысы келсе де, бара алмаған жандар болды. Сондықтан  біз оның қарапайым отбасыдан шығып, қалай жетістікке жеткені туралы  ой қозғамақпыз. Ол «Мақсатымды көремін» кітабында  өмірін не нәрсе  өзгерткенін, оған дейін қандай қиыншылықтарды көргенін баяндаған тарауын назарларыңызға ұсынамыз.

Мен, дүниенің қай түкпіріне барсам да,  кедей отбасынан шығып және өте бай планетадағы ең ықпалды адамдардың біріне айналуға мүмкіндік тапқан адамдарды кездестіремін.  Бұл адамдар жоқшылықтан, өмірде өкініп  және үміттерінің бір жолата үзілуінен, қоғамдағы ықпалды, табыскер адамдарға дейінгі жолды жүріп өткен.

сурет sxodim-com сайтынан алынды

 

Мысал үшін алысқа бармай –ақ  мен өз өмірім туралы айтып берейін. Мойындау керек, мен тіпті, орта мектепті  де бітірген жоқпын. Мектеп бағдарламасының жартысын ғана оқыдым, негізгі пәндерден  нашар бағалар алдым.  Мен мектепті тастап кеттім.  Тапқан жалғыз жұмысым  шағын қонақ үйдің асханасының ыдыс- аяғын жуу болды.  Бұл жұмыстан айырылғанда, көлік жуатын жерге жұмысқа тұрып, көлік жудым. Бұл жұмыстан да  айырылып офистердің  едендерін жудым. «Жуу» менің маңдайыма жазылған, бұл менің болашағым деп ойладым.  Былайша айтқанда, жастық шақтағы, «жолым болмай қалды» -деген сөз, бір орыннан,  бір орынға амалсыз ауысқаныңды ақтау үшін  айтылған жай ғана сылтау. Шын мәнінде бұл, өзіңді әр салада сынайтын уақыт. Мені талай рет жұмыстан қуып шықты. Бір орынанан, бір орынға көшіп жүрдім. Кейде мен, бір тиынсыз қалатынмын. 18-толғанда, мені үйден қуып жіберді. Осыдан кейін мен ата –анамды он жыл көрмедім.

«Менің тағдырымды өзгерте алатын бірнәрсе болуы мүмкін бе?!»

Мен өзімнің автокөлігімде тұрдым. Қыста да жазда да сонда ұйықтадым. Көлігім ескі еді. Үнемі бұзылып қала беретін. Мен әрдайым өзіммен бірге  әртүрлі құрал- жабдықтар алып жүрдім, себебі көлігімді жиі жөндеуге тура келетін.  Жолдың жиегінде, қирағыш көлігімнің астында, оны жөндеу аз жатпайтын едім.  Әйтеуір анда – санда  жүріп – тұру үшін  маған оның әртүрлі детальдарын, қосалқы бөлшектерін ауыстырып, қатайтқыштарын, қосылған жерлерін қатырып отыруға тура келетін.

Осылайша мен бір жұмыстан бір жұмысқа ауысып отырдым.  Құрылыста да істедім, жук тасушы да болдым, фабрикада болт, гайка бұрадым, жүк кемесіне теңізші болып Солтүстік Атлантикаға да бардым.  Мен 23 жасқа толғанымда егін шаруашылығына жұмысқа орналастым.  Сарайда ұйықтадым, егіншілердің отбасымен бірге  тамақтандым.  Күзге дейін жақсы егін жинау үшін, таңның атысы, күннің батысы дем алмастан жұмыс істедім. Менде білім жоқ еді, ешқандай мамандығым да өнерім де болмады.  Егін жинап болғаннан кейін жұмыссыз қалатымын.

Бірде, көңілім қайтқан шақта, үмітім мен жоспарларым быт –шыт болған бір кезде  мен ойладым: «Менің тағдырымды өзгерте алатын бірнәрсе болуы мүмкін бе?!»

Енді қазір, мен теледидар мен радиодан шығып сөйлеп, интервью еріп жүрген уақытта адамдар менен жиі сұрайды. «Сіздің бетбұрыс жасауыңызға себеп болған қандай сәт?», «Төңкеріс қай кезде болды?», «Сіздің өміріңізді өзгерткен не нәрсе?». маған, бұл сұрақтарға жауап бере салу оңай емес.   Менің білетінім өте көп. Мен мыңдаған кітап, он мыңдаған мақалалар оқыдым. Көп жыл қатарынан жұмыс істедім. Көбіне тәулігіне 12-15 сағат, аптасына жеті күн, кейде екі-үш жыл демалысқа да шықпайтынмын.  Кей кездерде  менің бетім зорығу мен шаршағаннан, көгеріп кететін. Сонда менің тағдырымды  шын мәнінде, не нәрсе өзгертті?

Менің өміріме үш төңкеріс сәттері болды. Мұны өзіңіздің  оңға бұрылып,  сосын  тағы да  оңға  бұрылып, сонан  кейін  ғана жаңа  бағытқа  түсіп  кетіп бара жатқаныңызбен салыстыруға болады.  Ең алғашқы шешуші  кезең, өз өмірімнің жауапкершілігін мойындағанда болды.  20 жасымда көп жағдайда жолым болмады.  Зауытта жұмыс істедім. Қалтамда бір тиын да қалмаған, тоңған  күндерімде болды.

Бақытыма орай, бір кездері мен, өмірімде болатын барлық жағдай тек маған ғана байланысты болатынын түсіндім.  Мені құтқаруға ешкім де келмейді, мен  үшін ешкім еш нәрсе істемейді. Ешкім де менің жағдайымды ойлап уайымдамайды.  Мұны түсінгенге дейін,  мен барлығын кінәлайтынмын ата – аналарымды , бастығымды, экономиканы, білім беру саласын, өзімнің қателіктерімді.  Кейін мен түсіндім, адамның шыққан  жері ешқандай рөл  ойнамайды. Жалғыз – ақ шын мәнінде  маңыздысы, сенің қай бағытқа бара жатқандығың,  не нәрсеге талпыатындығың.  Мұнан кейінгі  менің басымда болған жағдайлардың  мені өткеніммен ешқандай байланысы жоқ.  Ендігі барлық болатын жаңалықтар тек қана болашақпен байланысты.  Бұл өмірімдегі, күрт өзгеріс  болған кезең еді.  Бұл өмірімдегі күрт өзгеріс болған кезең еді. Бұл өз өмірімнің тізгінін өз қолыма алып, бірінші бұрылыс жасаған кезім.

Мен өмірімде екінші жарылыс жасадым.

Үш –төрт жыл өткесін, ол кезде 25-ке таяп қалғамын.  Мен өмірімде екінші жарылыс жасадым. Мен шын мәнінде, өзім үшін, мақсат деген сөздің мағынасын аштым және ол маған нағыз трамплин болды.  Мен кітап оқи бастадым. Оларда «өз қалауыңды анықта, оларды жаз, жоспар сыз және онымен күн сайын әрекет жаса» деп айтылған.  Бұл қиын емес еді.  Сол себептен мен бір парақ қағаз алдым да орындауға ниет қылдым. 5-6 мақсатымды жаздым да оны бір шетке қойып қойдым. Осыған орай айта кететін болсам,  ол уақытта мен бір шағын,  арзан бөлмеде тұратынмын. Ол жерде менімен бірге тағы бірнеше адам жайғасқан еді.

Бір айдың ішінде менің өмірім мүлде өзгерді. Бір-ақ айдың ішінде менің айлық табысым өсіп кетті.  Өз ортамда үлкен табыстарға қол жеткіздім. Мені қызметте жоғарылатты,  менеджер болдым, қоластымда 23 адам болды.  Мен жатаханадан пәтерге ауыстым.  Бұл, шын мәнінде  таңқаларлық жағдай еді.  Ең бір ғажабы  бұл өзгерістердің бәрі, бір парақ қағазға жазған мақсаттарыммен дәл келетіндігі.  Мұны, жоғары кернеулі электір  тоғын ұстағанмен салыстыруға болады.  Егер мақсатыңызды  жазуды бастасаңыз, сонда сіз, шын мәнінде  өміріңізде болып жатқан жәйттерге  таңғалатын боласыз.  Сонымен бұл менің өмірімнің екінші шешуші кезеңі болды.

Менің өмірімдегі, маңызды рөлді ойнауын тоқтатпаған үшінші бетбұрыс нүктесі  — ол,  өзіңнің нені қаласаң үйрене алатындығыңды сезіну, мақсатқа жетуге қажет болатын кез келген өнерді меңгеру.

Егер сіз алдыңызға, бұрын ешқашан талпынып көрмеген  мақсат қойсаңыз, онда сізге оған жету ушін, бұрын қолыңыздан келмеген нәрсені үйренуге тура келеді. Сізге бұрын істемеген нәрсені , істеп көру керек, бұрын  ондай болмаған болсаңыз енді сондай болу қажет болады.  Үшінші шешуді ойды түйсінгеннен кейін мен,  өмірімнің соңына дейін оқимын деп шештім.

Мен өзіме жауапкершілік деген түсінікті қабылдадым. Кінәні біреуге аудара салуды, өкінуді, өзімді ақтауды, шағым жасауды, біреуді кінәлауды тоқтаттым. Мен өз мақсатыма қол жеткізу үшін нені қалайтынымды, нені үйренетінімді дәл анықтадым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>