Алтыбақан – Наурыз мейрамында көп ойналатын ойын

altybakan-jpg-1

 

 

Қазақтың ежелгі ұлттық ойындарының бірі – алтыбақан. Келе жатқан наурыз мерекесінде жастар арасында ерекше ықыласпен ойналатын ойындардың бірі.

Ертеде бұл ойын тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналған.  Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, пирамида тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі.

Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді.

Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *