Сіз не дейсіз?

%d0%bc%d1%8b%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%ba%d1%81%d1%8b%d0%b7

Дін- кең ауқымды,сан қырлы ұғым және оған деген көзқарастар да әр  дәуірде әр қоғамда әрқилы болып келген. ол дами келе адамның танымын,сенімін қалыптастыратын күшке айналды. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына әсер етеді. Сол сеніммен адам әлемді танып,өмір жолын таңдап,мінезін, ойын,дағдысын қалыптастырады. Бүгінде, өкінішке орай, ата дінімізді жете түсінбегендіктен жат ағымның жетегіне еріп кетіп жатқан жастарымыз жоқ емес. Тіпті,ақыл тоқтатып , жасы егде тартқан адамдар да кейбір пиғылы теріс ұйымдардың арбауына алданып,тура жолдан тайып кететіні ащы болса да шындық. Қазіргі кезле өзекті болып табылатын бұл мәселе жөнінде тұрғындарды сөзге тартып,дін тұрғысындағы пікірлерін сұрап көрген едік.

Ақшагүл Жемісбаева филолог:

– Менің ойымша,әр адамның жүрегінде сенім болуы керек.Өз жаратушысына сенетін адам тірі адам,ал,сенбейтін адам өлі адам деп есептеймін. Өйткені пенде мен Алла арасындағы байланыс екі дүниеде де болады. Осы арқылы иман қалыптастырады. Ал,иманды адам тек жақсылыққа ұмтылады эіне айналасына ешқандай зиянын тигізбейді.Бұл туралы ата-бабамыздың дәстүрлі дінін насихаттайтын Құран -Кәрім кітабында толыққанды баяндалған.

Дина Никулина,зейнеткер:

– Мен православиялық христиан дінін ұстанамын. Бірақ, басқа діндерге де құрметпен қараймын. Зайырлы мемлекетте өмір сүретін адамдардың арасында діни алауыздық болмауы керек деп білемін. Себебі,бұл еліміздің өркендеп дамуына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Әр адам өз сенімін жүрегінді берік ұстанып,тек тура жолмен жүруі керек.

Балауса Мақанбаева,медбике:

– Менің дінге деген көзқарасым -оңды. Аллатағала бізді бұл дүниеде тек жақсылық жасау үшін жаратты. Мені дәл қазір толғандырып жүрген мәселенің бірі- қазіргі қоғамдағы жастардың дінге деген бетбұрысы. Мысалы, кейбір жастарымыз жұма сайын намазға баруын барғанымен , ол жерден шыққанннан кейін әркім өз білгіенін істеп кете барады. Жаман сөздер айтып,біреуге қиянат келтіреді.Бұл дұрыс емес.Нағыз мұсылман дініне берік,өз ісіне адал болуы керек деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *