Алтын Орда!.. Каскелең!..

    

                         

345_200_5_301016_marsh

 

345_200_5_181338_big-1

ТОО Қаскелең Автобус Паркіне қарасты 345 нөмірлі маршрутпен жүрмейтін адам кемде-кем. Қаскелеңнен Сайранға тұрақты  қатынайтын көліктің жұмыс істеу тәртібіне жолаушылардың берер бағасы әр қилы.

    345 маршрутының кондукторларының бірі ­­­­­­­­­Исабеков Айдостың айтуынша, жолаушылардың 40%-ға жуығы СДУ-дың  студенттері. Күнделікті қатынас құралы болғандықтан,  бұл  маршрут студенттердің үйреншікті мекені. Көліктің көңіл көншітерлік жағымды тұстарымен қатар көңіл жабырқатар кемшіліктері де аз емес.

Маршруттың ең ұтымды тұсы қалаға барар жолда керекті аялдаманың барлығына тоқтауы. Шынымен, 345 тұрақты түрде жұмыс атқарады. Жұмыс бабымен уақыт қысып асыққан адамдар қаншама. Солардың барлығына бірдей сапалы қызмет көрсету қиынға соғатыны анық. Көп жағдайда  көліктегі орындық санынан жолаушының санының артып кететіні шындық. Сонда да амал жоқ қысылып болсын баруыңа тура келеді. Бұл қазіргі уақытта 345-тегі қалыпты жағдай.

Инженер факультетінің  4 курс студенті , Мадина Абылайханова :

“345  маршрутына сене аласың, яғни, көлік міндетті түрде келеді. Әр минут сайын, ең ұзағы үш минутта тұрақты түрде қатынап отырады. Кептеліс болмаған жағдайда діттеген жеріңе тез арада жете аласың сонысы жақсы десе, Филология факультетінің  4 курс студенті , Қымбат Ерназарова  маршрут кондукторлары жайлы тілге тиек етті: “Кондукторлар адам жинау мақсатымен жоқ орынды жарнамалайды. Мысалы, екі орын, үш орын деп  бос орын болмаса да, адам жинап алып, отырған жолаушыларға орын берулерін талап етеді. Бір жолы мен мінген автобуста бір тәтей кондуктордың жалған сөзі үшін ашулы күйде автобустан шығып кетті! Бірақ 345 жылдамдығы ұнайды. Бір мәселе кондукторлардың өз жұмыстарына селқос қарамаса екен деймін”- деп сөзін аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *