СДУ және рейтинг

Қазіргі уақытта белгілі-бір таңдау жасар алдында сол нәрсенің немесе заттың рейтингі мен көрсеткіштеріне үңілетініміз анық. Сол сияқты, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жастар да мамандық таңдар алдында ЖОО-ның көрсеткішіне назар аударатыны заңдылық. Сол себепті университетіміздің соңғы 5 жылдағы рейтингісіне көз жүгіртуге бел байладым.

Жоғары оқу орындары қызметінің рейтингі мынадай көрсеткіштер бойынша жасалады екен. 1-ші индикатор – студенттер құрамы, 2-ші – оқыту нәтижелері мен жоо-да іске асырылатын білім бағдарламаларының саны, 3-ші көрсеткіш – академиялық кадрлар сапасы, профессорлік-оқытушылық құрам, 4-ші индикатор – ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар, 5-ші – халықаралық ынтымақтастық, 6-шы индикатор – талапкерлер, студенттер, профессорлік-оқытушылық құрам және барлық мүдделі адамдар үшін сайттың ақпараттық толықтығы қарастырылатын ақпараттық қамтамасыз ету.

Жалпы, университетіміздің көрсеткіші жаман емес. 2011-2012 оқу жылында жасалған гуманитарлық-экономикалық  ЖОО-ның рейтінгінде 8-ші орынға, 2014-2015 оқу жылында 3-орын иеленген. Бұл бағытта көш басында КИМЕП және Қазтұтодағы Қарағанды экономикалық университетері тұр.

new-piktochart_20703051_8e68e4a3959dde84f7455d24066e7a76993d20c5Ал, 2013-2014 оқу жылындағы еліміздің үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының рейтингінде 17-орын, 2015-2016 жылдары 14-орынға тұрақтаған. Бұл бағытта көш басында Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттері тұр. Қазір, университетіміз “Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі” сайтындағы соңғы өзгерістерде 17-орынға орналасқан.

new-piktochart_20703051_1449da29b338d058e3b1788ff048cc6b9a048a76

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *