Кітап оқу жайлы 13 факт

Кітап оқу –  ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Ендеше назарларыңызға кітап оқу жайлы қызықты да таң қалдырарлық фактілерді ұсынамыз.

  1. Максим Горький минутына 4 000 сөз оқыған.
  2. XVII ғасырда Никола Гроллье де Сервера жылдам оқуға көмектесетін машина ойлап тапқан.
  3. Т.Эдисон назарын кітапқа толықтай аударуының арқасында 2-3 жолды қатар оқитын болған.
  4. Баяу оқығанға қарағанда жылдам оқу барысында көз аз шаршайды.
  5. 95% адам кітапты өте баяу оқиды. Минутына 180-220 сөз.
  6. Қалыпты оқу барысында ақпараттың 60%-ы қабылданады, ал жылдам оқу барысында ақпараттың 80%-ы қабылданады.
  7. 1 сағат кітап оқитын болсақ, көзіміз 57 минут бойы мәтінге қарайды. Яғни бір ғана бағытқа қарау арқылы демалады десек те болады.
  8. О. Бальзак жарты сағатта романның 200 бетін оқитын болған.
  9. Оқу барысында көз миға түрлі әріптер арқылы суреттер жібереді. Ал ми ол суреттерді өзара біріктіреді.
  10. Кітапты жақсы оқитын адам бір уақытта 4 бағдарламаны қатар тамашалай алады.
  11. Орташа есеппен адамдар кітаптың бір жолын оқыған кезде 12-16 рет тоқтайды. Ал жылдам оқу техникасын меңгерген жандар 2-4 рет қана аялдайды.
  12. Кітапты көп оқитын адамға калориялы тағамдар қажет емес. Және олар көп жағдайда артық салмақ жинамайды.
  13. Наполеон минутына 2 000 сөз оқитын болған.

 

  1. Pingback: Кітап оқу қаншалықты пайдалы? | SDUMEDIA

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *