“СДУ Аруы – 2017” Прага қаласына жолдама алды

СДУ АРУЫ-2017

СДУ АРУЫ-2017

Ақпан айының 17-ші жұлдызында университетімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «СДУ Аруы 2017» байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы уаде етілгендей Чехия мемлекетінің Прага қаласына жолдама алды.

Жыл сайын сәуір айында өтетін байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылды. СДУ аруы ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздардың додасы. Биыл университетіміздің әр факультетінен 8 ару іріктеліп, сайысқа түсті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Олар: таныстыру, дефиле, сұрақ-жауап сайысы және өз өнері. Байқауға қатысушылар 2 ай дайындалған.

СДУ АРУЫ-2017 дайындық

СДУ АРУЫ-2017 дайындық


Биылғы жылы байқаудың қазылар алқасының қатарында белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт, эстрада жұлдызы Иса Алимусаев, актер Сәттар Ерубай.
Жеңіс Қамарсұлу Тасанға бұйырды.   Ал, “Көрермендер көзайымы” жүлдесін Жанна Абен иемденді. Қалған арулар наминациялармен марапатталды. Айта кетейік, “СДУ Аруы 2016” Таңшолпан Елемес болған еді.

Өткен жылғыларға қарағанда биылғы байқау бас жүлдесімен ерекшеленді. Бас жүлде – “Қарлығаш Туризм” компаниясы тарту еткен Прага қаласына жолдама.bivcbwoted0

“СДУ Аруы 2017” байқауының өтуіне «Қазақ Радиосы», «Easyfood», «Değirmen», “Çiçek Mangal”, “«Jamilya Flowers», “Зере” зергерлік бұйымдар компаниясы қолдау көрсетті. Ал, байқауға жауапты әрі ұйымдастырушы «Vision» клубы.

ОҚИ ЖҮРІҢІЗ: “СДУ Аруы 2017” – Қамарсұлу Тасан жайлы 

“СДУ Аруы 2017” байқауынан фоторепортаж

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *