Білгеніңіз артық болмас

allergiaКөктем  мезгілінің келуі бір жандар үшін қуаныш болса, ал біреулерге аллергиямен  күресу  айы. Бұл  дертке ем таба алмай жүрген жандарға арналған бірнеше кеңес ұсынамын. Назар  аударыңыздар!

Аллергия (басқаша әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы  австриялық педиаторлар  К.Пирке мен Б.Шик енгізген.  Бұл ауру адамның жасына немесе жынысына қарап дамиды деп айту қиын. Кей адамдарда аллергияның әртүрлі кезеңдерде әсер беріп отырады. 1 не 3 жастағы бала кеселге шалдыққанымен, өсе келе байқалмайды. Өтпелі кезеңнен кейін қайта мазалай бастайды. Кейде мүлдем жоқ болып кетеді. Мұның бәрі адам ағзасына байланысты. 40 не 50 жастан асқан адамдарда бұл ауру сирек кездеседі. Аллергия кейде тұқым қуалауға бейімділіктің әсері мол.  Өзіңізде аллергияның белгілері барын қалай білуге болады? Төмендегі видео сіз үшін.

Қазір де әлем  бойынша  аллергиямен  күресу өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл  сырқаттың түрі  өте көп. Сондықтан,  ғалымдар  осы  дерттің  алдын-алу  үшін  арнайы  дәрі  әзірлеуде. Соңғы мәліметтерге  сүйенсек  зерттеушілер аллергенді (аллергия  тудыратын заттек) қан жасушасына қосу мүмкіндігіне қол жеткізіпті. Соның нәтижесінде, ағза аллергенмен кездескенде оны өз қаны ретінде қабылдап, қарсы  реакция бермейді . Яғни, ешқандай аллергиялық  дерт мүлдем болмайды  деп   болжануда.

Аллергия көбінде көктем  мезгілінде  ағаш тозаңдарынан, жазда шөптерден пайда болады. Сіздің мазаңызды алып жүрген  аллергия  қоздырғышы  ненің әсерінен екендігін жыл мезгілдері   және тағам арқылы анықтауға болады. Мысалы,тағамдық аллерген ағзаға ішінде әсер етсе, аз уақыттан кейін денеге қызарып бөртпелер шығып, асқорыту жолында өзгерістер болады. Гүлдеп жатқан өсімдіктер шаңын бөлгенде, тыныс алу жолы нашарлайды.

Шаң тозаң ағзаға әсер беріп, рекциясын беріп, адам түшкіріп, мұрынның іші қышып, көзі жасаурап кетеді. Қарым қатынас арқылы пайда болған аллергия жанасқан жеріне әсер етіп, сол жерде бөртіп кетеді. Кей әйелдер киімінде темірлер, шынжырлар болса, темірге жанасқан жерлеріне қызарып кетеді. Дер кезінде қаралып, тексерілмесе, күлдіреп, күйіп қалған дене сияқты асқынып кетуі мүмкін. Асқорыту жүйесінің бұзылуы ондағы жара, ішекке біткен жара мен эрозия, сондай ақ қырыққабат пен бауыр жұмысының ауытқуында аллерген бөлінеді. Теріден бұрын, ішкі құрылыстарды емдеу керек.

Цитрустық, экзотикалық, әсіресе қызыл, сары болып пісетін жемістер мен көкөністерде аллергендік күші өте жоғары. Көкөністен аллергиясы бар адамдар бақшаға кіріп қиярды жұлса әсер етпейді. Қызанақтың ортасына кірсе, денесі дуылдап, қышынып шығады. Аллергиясы бар адамдарға қызанақ, сары банан жеуге рұқсат жоқ, керісінше көк түсті бақша өнімдерін пайдалануға болады.
Құстың қауырсынынан жасалған жастық, жүннен тоқылған киімдер, мен төсеніштер, жұмсақ ойыншықтар ауруды одан сайын күшейтеді. Құстың түбітінен аллергиясы болса, құстың киімдеріненде қозады.

pishivaya-allergiya2464

Мамандардың  айтуынша, аллергия дертіне шалдыққандар  цитрус  жемістерін жемегені абзал. Бұлардың қатарына шоколад, кофе, какао, қант, тұздалған қытырлақ нандар  және теңіз өнімдерін  де қосуға болады. Сүт  тағамдарын  пайдаланудан да сақ болыңыз.

a7005657610957ba9f78fe41946237f7

Мамандар кеңесі:
Күніне 1 гр С дәруменін қабылдау
Тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі болу керек
Бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.
Науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар болмағаны жөн.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *