Ерлан Төлеутай кім?

maxresdefault
Төлеутай Ерлан  – қазақ өнертанушы, әнші

Ол қазақ рухы үшін жанталасып жүр. «Әнін айтып жүре бермей ме?» дей көрмеңіз. Қазақ музыкасының тарихын зерттеп, көз майын тауысып жазып жатқан еңбектері қаншама… Әнші Ерлан Төлеутай қазіргі қазақ өнерінің жойқын шабуылға ұшырап жатқанына алаңдайды, соған тойтарыс беруге тырысады.
Ерлан Төлеутай: Ішкі жан-дүниемде қоғамды өгейсу бар екенін жасырмаймын. Қазіргі қазақ қоғамы нағыз қазақы қоғам болудан қалды. Бұл – дүбәра қоғам, маргиналданған қоғам, қазақтың бұрынғы кісілігі, әділдігі, мәрттігі, жомарттығы, жайсаңдығы кеткен, рухани жағынан азғындаған қоғам. Бұрынғы қазақ қоғамы сөз түсінетін. Оның түп негізінде өнер жатушы еді. Билер сөзінде, жыршылар жырында, әншілер әнінде саф өнер жататын. Ол барлық қазаққа ортақ еді. Қазір ше? Қоғамға сөзің де өтпейді, шырқаған әніңді ешкім ұға алмайды, адамдармен шынайы араласа алмайсың. Бақай есепке құрылған қоғамда енді қалай күн кешуіміз керек? Мұңыңды ешбір билік өкіліне жеткізе алмайсың. Сенің арман-аңсарыңды ол байғұстар да түсіне алмайды. Өйткені, дені орыстілді. Кейінгі жылдары мемлекетке, өкіметке руханият адамы керек болмай қалды. Соның бәрі жаныңды жаралайды. Музыканы алайықшы. Оның тарихы қазаққа керек еді… Қазақ әні, күйі дұрыс насихатталуға тиіс еді. Жанымды салып, қалтамнан соңғы тиын шығарып жүріп қазақ әнінің тарихын зерттеймін, жазамын, бірақ, оны түсініп, бағалап жатқандар тағы жоқ. Саусақпен ғана санарлық түсінетін, ұғатын тілектестер бар. Еріксіз көңілің қалады бәрінен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *