Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайдан шығады?

400-blows-16_high-1200x520Түзеу мекемесіндегі жасөспірім бала

Соңғы жылдары кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстар өршіген. Бұның себебі не?

Биыл Шымкентте Ворошиловка ауылында наурыз айының басында 14 жасар баланы атып өлтіргені ел есінен әлі шыға қоймады. Басқа басқа, ауыздарынан ана сүті кеппеген жасөспірімдер бір-біріне қару кезене бастаған. Қазір қылмыс дегенге таңқалудан қалдық қой, дегенмен, бұл оқыс оқиға бізді қатты есеңгіретіп қойғаны рас. оқиға бізді қатты есеңгіретіп қойғаны рас.  Бұдан бөлек, құрдастарын жалдамалы пәтерге апарып, қоқан-лоқы көрсеткен 15-16 жасар жасөспірімдерді де интернеттен көрдік. Бас шайқадық. Жабулы қазан жабулы күйінде қалып кеткен қылмыстар қаншама?!.

Жасөспірімдер қылмысқа тоқшылықтан, жастар жоқшылықтан барады.

Сонымен, мұндай қылмыстар қайдан шығады? Осы жөнінде біз ең бірінші психолог мамандардан сұрап көріп едік:

Балабек Сақтағанов, «Астана» университетінің психолог қыметкері:

Бұның себебі көп. Көктен жауатын әр тамшы – әр түрлі ғой. Сол секілді әр жасөспірім өзінше жеке бір әлем. Бәріне жалпылама бір диагноз қоюға болмайды. Ал, кең тараған гипотезаларға келсек – мұнда бірінші кезекте тұрмыстық жағдай әсер етеді. Қатарынан қалып кеткесін өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптаспайды. Осының салдарынан жасөспірім клептоман (ұрлыққа бейімділік) болып кетеді және т.б. факторлар әсер етуі мүмкін. Сол үшін мектеп қабырғасында психологтар жасөспірімдермен псиxологиялық жұмыс жүргізу керек.

Гүлназ Пармантаева, Қызылорда қаласындағы №122 мектебінің психологы:

Әрбір адам – жеке тұлга. Жеке тұлғаға тура сол кезеңде әсер етуші жеке факторлар себеп болады. Өтпелі кезеңде жасөспірімдерде психологиялық ауытқулар болады. Өтпелі кезеңнен өту оңай емес. Осы жерде мектеп психологтарына артылар жүк ауыр. Егер баласы тым қияли немесе тым агрессивті болып кетсе, онда ата-ана бұл жайлы бірден бізге, мектеп психологтарына хабарласу керек. Себебі, көптеген оқушылар мектепте өзін тым жақсы ұстап, үйде мінез көрсетеді. Бала неден қиналып жүр? Оған біреу тиісіп жүр ме? Әлде бір нәрсеге көңіл толмай ма? Ол неге өмірден түңілді? Бұны біздің көмегімізге жүгіну арқылы анықтауға, одан соң сол қылмысқа итермелеуші фактор себебін анықтап, жоюға жұмыстар жүргізу керек. Әйтпесе, бала қылмыс жасап немесе өзіне қол салуы әбден мүмкін.

Қысқаша айтсақ, психологтар егер мәселе туындай қалса, дереу мамандарға жүгіну керек дейді. Сонда мәселе асқынып кетпей, оң шешімін табатын көрінеді.

Жақында осы жасөспірімдер арасындағы қылмысқа байланысты Шымкент қаласында жаңа технологиялар колледжінде “Кәмелетке толмағандар арасында нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстардың алдын алу” тақырыбы аясында студенттермен кездесу өтті. Әл Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Лаура Жақыпова арнайы қатысты. Ол жастарға көктемде нәпсіқұмарлық сипатындағы қылмыстар күрт көбейіп кететінін хабарлады. Яғни, көктемде қыздар жеңіл киініп, кешқұрым көп серуендей бастайды. Ойы бұзықтар қысқа киінген қыздарды жиі көргесін, зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстар жасауға бейім тұрады. Сондықтан да, көктемде қыздар сақтық шараларын ұмытпау керек. Мейлінше, кешқұрым көшеге шықпай, әрбір сөзге сене бермей, өздерін қымтап ұстау керек.

– Жігіт пен қыз танысады. Шынайы өмірде һәм виртуалды өмірді. Сөйлеседі. Әңгімелері жарасып, бірі-біріне бауыр басады. Осылай уақыт өте береді. Қыз бен жігіт бір-бірінсіз күн көре алмайтын дәрежеге жетеді. Бір күні жігіт қызды кездесуге шақырады. Қыз қуанып үйінен жасанып шығады. Сол кездесуде жігіт қызды жалдамалы пәтерге мәдениетті түрді “сүйрейді”. Қыз келіседі.

%d0%ba%d0%b0%d0%ba-%d0%bd%d0%b0%d1%83%d1%87%d0%b8%d1%82%d1%8c%d1%81%d1%8f-%d1%86%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c%d1%81%d1%8f-%d0%bf%d1%80%d0%b0%d0%b2%d0%b8%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%be

Кездесуге келген қыз бен жігіт

 

Арты не болды? Қыз жалдамалы пәтерде не болатынын ойламайды дейсіз бе? Ойлайды ғой. Түсінеді. Бірақ, сонда да келіседі. Бәлкім, нәпсісін жеңе алмады ма екен? 15-30 минуттық қызық үшін бар өмірінінің тас-талқанын шығарады. Болашағына балта шабылады. Жарқын өмірі лезде түнекке айналып шыға келеді. Жігіт те оңбайды. Кәмелетке толмаған қызбен боламын деп, байқамай аппақ өміріне қара таңба салдырып алады.

depressiya

Депрессияға түскен қыз

 

Баяғыда екі жас кәмелет жасына толмаса да, екі жақ өзара келісіп жатса, біз ешқандай қылмыстық іс қозғамайтынбыз. Қазір екі жақтан қанша жерден келісіп тұрса да, жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызбен болып, некелерін қиғалы жатса да, біз өткен жылы енген жаңа кодекстерге сәйкес, «күйеубаланың» үстінен қылмыстық іс қозғаймыз. Мысалы, абақтыға қамалмаса да, оның төлқұжатына “сотталды” дегендей таңба басылады. Бұл таңба өмір бойы кетпейді. Бұл жігіт ешқандай мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Әскерге бара алмайды. Қысқасы, оған дейін ашық тұрған бүкіл есік жабылады. Сол себепті, жігіт те, қыз да тереңірек ойналуы тиіс.

d1e1d04c1754534540a660013c3a7060

Әскерге бара алмай, депрессияға түскен жігіт

 

Әлеуметтік желілер жасөспірімдерді қылмысқа баулиды

Неліктен қазіргі таңда тұлымшағы желбіреп жүретін қыздар, ауыр сөмке асынып жүретін ұлдар ерте есеюде? Ерте жүктілік, атыс-шабыс неліктен белең алып кетті? Себебі, олар криминалды (қылмыстық) идеология құрбандары. Сонда қылмыстық идеология деген не? Бұл жайлы «Россиский следователь» журналының 2009 жылғы үшінші нөмірінде Тирских.А.А «Қылмыстық идеология: түсінік, мазмұны және қарсы амалдар» зерттеу мақаласында кеңірек жазған:

«Қылмыстық идеология – жеңіл-желпі өмір салтын жарнамалайтын, қылмыс жасауға ерікті түрде шақыратын, яғни «еркін адам болу жолында біз психологиялық және моральдық кедергілерге қарсы күресу керекпіз» деген жаңсақ тұжырымдар мен философияны таңу арқылы қылмысқа бейім жастар, жасөспірімдер шоғырын қалыптастыру. Қазіргі таңда қылмыстық идеологияда қарақшылық (gangster) идеясы басым. Қылмыстық идеологияның түпкі мақсаты – кез-келген жауапкершіліктен жалтару механизмін іске қосу болып табылады. Бұл түрлі жерде, алуан жағдайда жарнамаланады яки насихатталады».

Сонымен, Қазақстанда қылмыстық идеология қалай насихатталады? Қазір – ақпарат ағыны мол. Интернетті ашқаныңызбен, ақпараттан көз аша алмай қаласыз. Кез-келген мектеп оқушысы әлеуметтік желіде бар. Ал, әлеуметтік желіде олар бір-бірімен хат алмасып, фото, видео көреді. Фотолар түрлі парақшаларға салынады. Мысалы, назарларыңызға «ВК» желісіндегі 60 мыңнан астам оқырманы бар «Бәрі бандит, біз ғана простой» деген қазақтілді парақшасын алайық. Бұл парақша жасөспірім ұлдарға арналған. Міне, осы парақша бізді шошытты. Парақша әлі ақыл-есі бір арнаға түсе қоймаған жасөспірімдерді қылмысқа баулиды. Мысалы, мына фотоларға, астындағы қанатты сөздерге назар аударып көріңізші:

b930667fcb4d4b2d2e620ed189b97c27b72b8d72

«Мен ештенкеден қорықпаймын. Себебі, қасымдағы достарыма сенемін»

 

«Бәрі бандит, біз ғана простой» парақшасынан өзге, «Жігітше», ал, орыс тілінде 100 мыңнан астам оқырманы бар «Лихие 90-е», 900 мыңдай оқырманы бар «Бандитская романтика» сынды көптеген парақшалар бар. Барлығы бір-ақ нәрсені көздейді. Қылмыс!

Әйтсе де, оқырмандарды қылмыс жаса деп ашық шақырмаса да, «еркек бол, сөзіңе жауап бер, егер бір істі бастасаң соңына дейін аяқта, қиын жағдайда бауырыңды сатып кетпе, сатып кетсең өмір сүрмей-ақ қой» дегендей нақыл сөздермен көмкеріп, астарында жасөспірімдерді қан-жоса болып төбелесуге, шамасы жетпесе атысып-шабысуға, сабақты қойып, көше өміріне бейім болуға, бауыры бір мәселеге тап болса, дереу қару-жарақ арқалап барып, қарсыластарын жер жастандыруға баулиды. Мысалы, оқырманы көп орыс тіліндегі «Мама, я вырасту бандитом» парақшасындағы бір-екі қанатты сөзді оқып көріңіз:

uzn_1446227355

«Сынок, ты связался с плохой компанией… – Мам, я ее основал»

 

Ал, жасөспірім қыздарға арналған 2 жарым миллион оқырманы бар «Любовь» парақшасында мына сарындағы жазбалардан көз ашпайсыз:

ne-boltay-slishkom-mnogo

«Разве женщины изменяют? Нет!!! Они либо мстят за мужское наплевательское отношение, либо влюбились в другого…» 

 

Мұнда сонымен қатар, фотолар да үлкен рөл атқарады. 1990 жылдары елді қанаған қарақшылар туралы Ресейлік «Бригада», «Брат», «Бумер», Қазақстандық «Рэкетир» секілді көптеген фильмдерден фрагменттер алып қояды. Жасөспірімдер сол қару ұстаған рэкеттер секілді болғысы келіп тыраштанады. Себебі, фильмдерде рэкет өмірін тамаша суреттеген. Бәрі

сондай абыройлы қалайды. Яғни, Тирских А.А. айтпақшы, қарақшылық идея өз жемісн бере бастады.

Бір өкініштісі, «ВК» әлеуметтік желісінде ешқандай сүзгі жоқ. Жоғарыда айтылғандай ұлдарды түнгі көше өміріне қылмысқа, қыздарды ерте жүктілікке, «жүргіштікке» тәриелейтін парақшаларда жүз мыңдаған жасөспірімдер отырады. Тіпті, мұнда жасөспірімдерді қылмыстан бөлек, атеистіктікке шақыратын парақшаларда есеп жоқ.

Әсіресе, мұнда Ресейден соң, екінші орында Қазақстан жастары көп отырады. Түптеп келгенде, бұл бала тәрбиесіне зор ықпал етеді. Наша, алкогольді сусын, тапанша, дінді мазақ еткен жазбаларды, жартылай жалаңаш қыз-қырқын туралы оқып өскен жасөспірімдер психикасы бұзылады. Тезірек өсуге асығып, сол жолда нақты қадамдарға барады.

Сонымен, жастар арасындағы қылмысқа ең бірінші – жұмыссыздық себеп болса, екіншісі – әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілердегі кері тәрбие. Қазақ қыздарының менталитетіне мүлдем сай келмейтін арсыз жазбалар ел тамырына балта шауып жатқаны жүректі ауыртады. Себебі, жасөспірім қыз – ұлт болашағы. Ертеңгі жар, аяулы ана. Бүгінгі емес. Жасөспірім ұл – ел тірегі.

Салдары ауыр болатынын білгесін бе, соңғы кездері Ресейде депуттаттар 14 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіге тіркеуге тиым салу мәселесін жиі көтеруде. Ал, ересектер әлеуметтік желілерге төлқұжатындағы жеке нөмірін жазып қана тіркелуі тиіс. Осы арқылы фейк аккаунтарды жойып, діни-экстреизмге, қылмысқа шақыратындарға тосқауыл қоймақ.

Психолог мамандар ата-аналарға балаларын өтпелі кезеңде «көшеге жібермей, үйде ұстап отырмын, болды» деп ойламау керектігін айтады. Әлеуметтік желіде қандай парақшаларға тіркелгенін, қандай сайттарға кіретінін бақылап отырған жөн. Себебі, онда баланы қылмыстан бөлек, өлімге шақыратын топтар да көп. Мысалы, өткенде ғана елді шулатқан «Синий кит» ойыны. Мәселе бір-ақ нәрседен басталды. Ата-ана өз-өзіне қол жұмсаған баласының интернеттегі өмірін қадағаламады. Салдарынан осындай жағдайда душар болды. Қазіргі тәрбие құралы – интернет қой. Себебі, XXI ғасыр баласы – екі әлемде өмір сүреді. Бірі кәдімгі шынайы өмір болса, екіншісі – виртуалды өмір. Сондықтан да, виртуалды өмірін қолға алмасақ болмайды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?

Жасөспірімдеріміз бұндай қылмыстарға бармас үшін,  оларды өнерге, спортқа баулуымыз керек. Ақ пен қараны ажырататын шаралар, тренингтер молынан ұйымдастырсақ, бос уақтын өнер мен білімге жұмсап, нәтиже көрсетіп жүрген талантты жастарымызды көбірек үлгі етіп көрсетсек, нұр үстіне нұр болатын еді.

Абылай Есімбай, Медет Олжаев

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *