Қаниязов Шразаддин – жас ақын

 

Университетімізде талантты студенттер өте көп.  Оның ішінде поэзияға қызығатын дарындылар аз емес. Солардың бірі – Қаниязов Шразаддин.
a9ssoob17ou
Өлең ауылына келуіне әсер еткен орта дейді ол. Яғни, СДУ. Университетімізде “Мағжан” әдеби клубымен танысқалы, әдебиетке жаны құштар. Ол – өмір сұрақтарын кітаптардан іздеп, жауабын өлеңмен түйіндеп жазатын ақын.

Салқын кеш. Телефонда жалған сезім.
Ертегі – Жалықтырмас сүйкім жайлы.
…Өтірік, Мен жəне өзім қалған кезім.
Бір жегі ой аласұрып ұйқы ұрлайды.

-Махаббат бар ма ? -, деді бір үнсіздік,
Ойыммен жүрегімді тесіп шығып.
Үн қаттым : Бар шығар -, деп көңілсіз қып
Жауапты бере алмадым кесіп- пішіп.

-Кітаптан оқыдым мен, нəпсі дейді,
Адамдар тəн үшін тек құмар деді.
– Кім айтты ?!
– Рас !
Болса да ащы мейлі.
Ұнаса бет- бейнесі ұнар деді.

– Үндеме !
– Рас қой !
– Кім айтты ?!
– Толстой.

-Тыңдама !
Тыңдама сен, Толстойды !
Жауапсыз болған бəлкім сезімдері.
Ақылдан жүректі неге алыс қойды
Қаларын білмеді əсте сөзі ілгері.

Сезім бар . Жылулық бар, құшақ берер.
Жырақта тағат таппай сағынатын,
Бақыттың бейнесіне ұқсап келер.
Тек сүйсең.
Сүйсең егер табылатын.

– Сірə, солай…

-Дəл осылай !

Үнсіздік құшып алды, сол дыбысты,
Дем алып, жұлдыздарға қарап тұрдым.
Басу үшін жүректегі толқынысты.
Бір ғана, бір ертегі қалап тұрдым.

Қаниязов Шразаддин

Болар баланың бетін қақпа! – дейді бұрыңғылар. Сол себепті, жас талантымыз жайлы бағдарлама түсірген едік. Қабыл алыңыздар!

Медет Олжаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *