f257665e329ee78dc2656279ff520681

Семей полигоны – қолдан жасалған қасірет

c19dcd61d7031f31376614c3f4787983

 

Бүгінгі қазақ әдебиеті, соның ішінде деректі проза жанрының майталманы, көкірегі толған мұрағат, өзі документалист, үлкен қаламгер Медеу ақсақал. Сексеннің сеңгеріне жеткен Медеу ақсақал тағы да туған халқын, оқырманын жаңа кітабымен қуантып отыр. Баспадан шыққан кітабы «Семей қасіреті» деп аталатын деректі тарихи хикаят. Семей деген қазақтың қасиетті өлкесі емес пе? Әрісі Құнанбай, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған жер емес пе ?! Кітаптың атын естіген соң, «ой, Құдай-ау қасіреті несі?!» деп ойлаған едім. Сөйтсем, биыл 2016 жылы Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады екен. Ақсақал жазушы тарихи деректі роман-эссесінде қазақтың қасиетті де құтты аймағы – Семей өлкесіне төнген қасиетті де құтты аймағы – Семей өлкесіне төнген қасіретті, қолдан жасалған атом бомбасы полигонының қасіретін нақты тарихи құжаттармен әшкерелеп, ақиқатын жазуды ниет етіпті.

89ba5c24f85c70760077cdf6b0495948

«Семей қасіреті» кітабының тарихнамалық және деректемелік арқауы мейлінше шымыр. Дәуірнамалық мәні айрықша. Қазақ қасіретін, жер-судың зар-наласын толыққанды сипаттап жеткізген. Бұл энциклопедиялық сипаттағы кесек шығармада қисапсыз мол материалдар, айғақ-деректер жинақталып, жүйеленіп нақтылы баяндалған, тарихи-философиялық жинақтаулар мен тұжырымдар жасалған».

Кітаптың әлқиссасы «Семей полигонынан зардап шегуші ретінде маған берілген 02001916-санды куәлікте ядролық жарылыс астында 37 жыл 2 ай болғаным ресми расталған. Демек, мен осы кітапта сөз болатын, шерлі оқиғалардың бәріне дерлік тірі куәгермін. «Толған ел тарихын жақпар тасқа жазады. Тозған ел басынан кешкенді көз жасымен жуады» деген уәжге бағып, ел-жұртыммен бірге басымнан кешкен ғасырлық қасіретті шертпей өмірден аттансам, жер басып жүргеніне мәз тоғышардың бірі болам-ау деген жегі ой мені жиі мазалап, әсіресе полигон таратқан ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққан кезімде жазу үстеліне шегендегені анық…» деген автордың жүрек сөзімен басталады. 1949 жылдың 29 тамызынан басталған атомдық сынақ жарылысы 42 жылға созылып, адамзат баласына үлкен қауіп-қатер төндірді. Қаншама сәби құрсақта жатып-ақ пәлекет ауруларға душар болып, фәни дүниеге мүгедек, жарымжан болып келді. Соның бірі – осы кітапқа көптеген суреттері енген әуесқой суретші  Кәріпбек Күйіков. Қолдан жасалған қасіреттің мехнатын тартып жүрген Кәріпбек: «Қатал тағдыр мені анамның құрсағында жатқанымда-ақ аяған жоқ: Қос қанаты қиылған құсқа ұқсап, екі қолсыз өмірге келдім, тіліммен жалап ас ішіп, Ленинград іргесіндегі пансионатта қыл қаламды тісіммен қысып сурет салуға машықтандым. Менің сорымды қайнатқан қасірет – Семей палигонымен көрші орналасқан Егіндібұлақ ауданында туғандығым. Полигон зардабын тартқан тірі мұрағат болып, суретшілік өнеріммен күллі дүниежүзін аралап, туған елім тап болған қасіретті бейнелеген суреттерімді көрсетіп, ядролық жарылыстың кеселін әшкерелеп жүрмін…» — дейді. Суретшінің өзін, мына қысқаша видеороликтен көре аласыздар.

Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Владислав Денисовтың сөзіне жазылған, mp3 форматында жазылған өлеңді тыңдауға кеңес береміз

http://pesnik.su/mp3/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BF%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9%20%D1%8F%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD

Невада — Семей

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада — Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

aa8a188e203df7ae2dda79bc38406e64

Полигонның шынайы кейпі мына деректі фильмде көрсетілген…

Сексенге толған қарт қаламгер Астана қаласына келіп, «Фолиант» баспасы мен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырған кездесуге қатысып, «Семей қасіреті» деп аталатын осы романының беташар рәсімін өткізді. Қарт жазушыға университеттің «Күлтегін» медалі берілді. Профессор Дихан Қамзабекұлы жүргізген кездесі барысында Н.Қалиев, С.Негимов, Ғ.Есім, С.Қасқабасов сияқты ғалымдар жазушының шығармашылығы жайында сөз сөйлеп, жазушының аталмыш еңбегі «Нобель» сыйлығына лайық екенін айтып, ақсақалға ұзақ та мәңгі ғұмыр тіледі.

Негізгі мақала: Қазақстан Zaman газетінен алынды.

Авторы: Елдос Тоқтарбай

Видеолар: youtube.com парақшасынан алынды

Суреттер: http://e-history.kz сайтынан алынды

Қосымша анықтамалар: https://kk.wikipedia.org сайтынан алынды

Мультимедияландырған:  Журналистика мамандығының 3 курс студенті Ғайни Альжанова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>