Ине – аурудың арашасы

2017-04-14-photo-00000033

Гүлнар Назарбекқызы инемен емдеу кезінде


 Шығу тарихы Жапон, Қытай мемлекеттерімен байланысты инемен емдеу – көптеген ауруларға таптырмас ем. Қытай еліндегі медицина университетін тәмәмдап, елімізде осы ем түрімен емдеушілердің бірі – Гүлнар  Назарбекқызы. 

ОҚИ ЖҮРІҢІЗ: Инемен емдеу және қыздырып емдеудің тарихы

Адам өміріне араша түсетін дәрігер мамандығын таңдау – үлкен жауапкершілік. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайда науқастың тағдырына немқұрайлы қарамайтын жан болуы тиіс.  Алдына келген науқастарға қарайтын дәрігердің бойына біліктіліктен бөлек терең түйсікте қажет.

Гүлнар Назарбекқызы – Іле ауданы, Боралдай кентіндегі «Дәулет» медициналық орталығының инемен емдеу бөлімінде  еңбек етеді.

Хи-ан қаласындағы Шаньси медицина университетінде білім алған. Университетке түскен сәттен бастап, адам бойындағы биалогиялық белсенді нүктелерді жаттауға белсене кірісе бастайды. Денсаулық мәселесінде дәрігердің көмегінсіз көңілдің жай табуы мүмкін емес кездер болады. Өзіне осындай жауапкершілік жүктелетінін сол кезден-ақ терең сезініп, оқуын үздік тәмәмдаған.

 

 

Инемен емделу тәсілі бет күтіміне де көмектеседі.   Бет қанайналымы бұзылу себебінен,  беттің нервтеріне қан жетіспей қалады. Ем беттің қабынуымен нервтің тітіркенуін тоқтатады. Сонымен қатар, бұл ем түрін балаларға да пайдалануға болады. Әсіресе, тума ми жетілуі нашар балаларға көмегін тигізеді.

ҚОСЫМША: ГҮЛНАР НАЗАРБЕКҚЫЗЫМЕН СҰХБАТЫМЫЗДЫ ҰСЫНАМЫЗ.

Авторлар:  Жания Кошпан, “Іле таңы” газетінің тілшісі Багдат Чойбасов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *