Мұндай жігіттерді насихаттау қажет!

Мұхитпен араласқанымызға он жылдай уақыт болды. Ол өте адал. Сондай сенімді жігіттердің бірі. «Заманың тазы болса, түлкі боп шал» дейді ғой. Көбі бастықтардың алдында ыңғайына қарап сөйлейді. Кейбірі бұрылып кетіп жатады. Мұхитта ондай жоқ. Ашық сөйлейді.

Біржан Есжанов

-Сіз қай жерден боласыз?

-Б.Е. -Осы Солтүстік Қазақстан облысынанмын. Қазір Петропавл қаласында жұмыс істеймін. «Өнер» колледжінде сабақ беремін. Астанада Қазақ ұлттық академиясын тәмамдадым. Көптеген конкрустардың жеңімпазымын. 2014 жылы жеке концертімді өткіздім. Содан бері жеті концертім өтіпті. 2015 жылы «Біржан сал» және 2016 жылы «Ақан серіге» арналған концерт бердік. 2017 жылдың ақпан айында «Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы» аруағына арнап концерт өткіздік. Өзім шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Өзім профессор Қайрат Байбосынның шәкіртімін. Әншілікті он жылдай оқыдым. Сондықтан оның әншілігі жөнінде көп дүниелерді айтуға болады.

olro0w0mvku

Суретте солдан оңға қарай, Біржан Есжан және оның ұстазы Қ.Р. халық әртісі, профессор Қайрат Байбосын.

  Өзінің пікірі бар адам. Көптің бірі емес. Сол пікірін, әйтеуір бастық деп емес, дөкей тұрсын депте емес айтып жеткізуге тырысады. Енді бетке тарс еткізіп айта салмайды, әдемілеп жеткізетін қыр-сыры бар. Оның эстрадамен айтқанда жүрекке әнді салады. Таңдаған әндері үлкен ізденіс пен оймен келгендігі көрініп тұрады. Қазіргі әншілердің көбі ойсыз айтуға үйреніп кетті. Бұл жігітте ондай жоқ. Репертуар таңдағанда да сапалы әндерді таңдайды. Мысалға, халық әндерін эстрадаға салып орындап жүр. Қазақта өзі шыны керек Жүсіпбек Елебековтардан кейін, «Екі жирен» әнің осы Мұхит жақсы орындаған сияқты көрінеді. Оны асыра мақтау емес. Өзімнің әншілік көкрегімнің байқап қалғандығы. Өйткені, «Екі Жирен» әнің орындағанда оның бар қыр-сырына үнілуі. Халық әні өте терең оймен келеді. Жеңіл келмейді. Бұл әннің өзінде үлкен мағына жатыр. Осыған жақсылап өз ақылымен жақындап, сахнаға алып шығып жүрген әнші. Сондықтан Мұхиттың бұл әншілік және репертуар таңдау жағынан ерекшелігі. Кейбір әншілер репертуар таңдағанда қателік жіберіп жатады. Әнші оң жамбасына келген әнді таңдай білсе, ол халықтың көңілінен шығады.

Бұл жігітте қазіргі кезде қолдау болмай тұр. Жанды дауыс арқылы ансамбльде керемет орындайды. Бұл өте қиын іс. Екі-үш жылда конкрусқа шығып келеді. Құрғыл қайтпайды жүлделі орындармен қайтады. Шетелдік конкрустарға да барған. Бірақ, ол жақта қолдау болмай қалады. Ол жақта оны насихаттау жоқ. Мұндай жігіттерді қолдау керек.

rw6t5doopam

Суретте Біржан Есжан өз шығармашылық жеке концертінде

 

  Қазақта мұндай жігіттер аз емес. Петропавлды көбісі орыстанып кеткен деп ойлайды. Петропавл арқасын аюға тосып тұрған жер ғой. Сабасаң менің арқамды саба деген сияқты. Менің орталығыма тиіспе деп тұрған. Мұндай қазақтың туын көтеріп жүрген, Мұхит сияқты азаматтарды барша қазақстандықтар қолдау керек. Өнер деген саяси алаң . Сол саяси алаңда жүрген азаматтардың бірі. Мұхиттың Петропавлда өзінің тыңдарманы бар. Көп тыңдау үшін жеке дүниелерін шығара алмай жүр.

ҚАРАҢЫЗ! Біржан Есжанның жеке шығармашылығы КОНЦЕРТІ

ҚОСЫМША! Суреттері автордың жеке архивінен алынды!

Қадірәлі САРЫПБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *