“Инемен емдеу” тәсілі қандай ауруларға ем?

2017-04-14-photo-00000033

Гүлнар Назарбекқызы инемен емдеу кезінде

 

Елімізде Қытай медицинасы дамып келеді. Инемен емдеу дәлдік пен тиянақтылықты талап етеді.  Гүлнар Назарбекқызы осы ем түрімен адамдарды емдеп келеді. 

Хи-ан қаласындағы Шаньси медицина университетін тәмәмдаған Гүлнар Назарбекқызы, қазір«Дәулет» медициналық орталығының инемен емдеу бөлімінің дәрігері.

Инемен емдеу жайлы:

 –  Инемен емдеу Қытайда адамзатты сауықтырудың кем тараған емнің бір түрі. Әр түрлі биохимиялық және физиологиялық жағдайды өзгертуге қабілеті бар. Тері бетінде орналасқан білгілі бір нүктелерді қоздыру арқылы емдеу әдісі.  Бос энергия ағынын ашады және соған сәйкес сіздің бас ауруыңызды жеңілдетеді немесе жояды.  Дәрі-дәрмектен бас тартасыз. Химиялық процесстер жүрмейді. Тек адам бойындағы биологиялық белсенді нүктелерді дәл бассаңыз болды.

Орталықтарыңызға адамдар көбіне қандай аурумен келеді?

 – Хондроз, ұйқысыздық, инсульт, жүйке жүйесі аурулары сияқты дерт түрлерін емдейміз.  Жоғарыда айтқанымдай барлық ауру түрлерін емдеуге болады. Күніне 6-7 адамды қабылдаймын. Бізге келіп қаралған науқастардың 70-80 пайызы дертіне дауа тауып, алғыстарын айтып кетеді.

Емханада

Емханада

Ине қабылдаудың қарсы көрсеткіштері мен зияны бар ма?

– Алтын ине кез-келген ауру түрінен жазылуға көмектеседі.  Пайдалы болмаса, ешқандай зияны жоқ.

Сұхбатыңызға рақмет!

Авторлары: Жания Кошпан, “Іле таңы” газетінің тілшісі Багдат Чойбасов.

  1. Нəке

    Инемен барлық ауруды емдеи алмаитын кезде болар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *