Жанардың жарқын әлемі

 

Гүл – бақыт пен сыйластықтың, сұлулық пен нәзіктіктің нышаны. Сондықтан да халқымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап, әлпештеп өсірген ару қыздарын «гүлге» теңейді. Ең жақын адамына деген зор құрметін гүл сыйлау арқылы білдіреді. Халық арасында да «Гүл – өмірдің қызығы» деген қанатты сөзде тегін айтылмаса керек. Шынымен ақ,  өмірге сән беріп, көңіл күйіңді көтеретін, жаныңды жадырататын әдемі де әсем бір нәрсе болс, ол – гүл.

Туған күндерде немесе мейрам күндері гүлке сұраныс артады. Сондықтан гүл таңдағанда неге мән берген жөн? Хош иісті өсімдіктер қайдан әкелінеді? Бұл туралы бірнеше жылдан бері гүл сатумен шұғылданып келген Жанар Құсайынова былайшы ой өрбітті.

” Көпшілікке гүл сату айтарлықтай қиын емес жұмыс болып көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Мәселен, өсімдіктерге аллергиясы бар адам бұл жұмыста ұзақ тұрақтамайды. Әрі бұл жұмыста жауапкершілік өте маңызды. Өйткені, гүл ерекше күтімді қажет етеді. Мұнымен қоса, сатып алушылардың көңілін таба білу керек. Гүлдің сан алуан түрі бар. Атап айтсам, раушан, альстромерия, гербера, лала гүлі және орхидея. Ал, мейрам кезінде қызғалдақ және басқа да гүлдің түрін алдырамыз.  Оларды жылыжайлардан алдырамыз, мұнан кейін Голландиядан алып келетін фирмалар бар. Солармен де тығыз байланыс орнатқанбыз. Соңғы жылдары Астана мен Алматыда раушан гүлін өсіру қолға алынған. Жалпы, отандық өнімге сұраныс басым”.

Гүл сыйлағанда нені білу керек?

“Ең алдымен оның есебіне байланысты. Әр адам өзі гүл сыйлағысы келетін жанның қандай гүл ұнататынын білуі керек. Сонымен қатар, саны да үлкен мән беріледі. Қашан, қайда қалыптасқаны белгісіз гүл сыйлауда бұрыннан келе жатқан бір қағида бар «тақ санды гүл сыйлау» деген. Бір тал раушан гүлін сыйлау арқылы жігіттер аруға өміріндегі жалғыз жан екенін білдіре алады”.

Оқи отырыңыз: Орхидея гүлін қалай күтеміз?

Гүлдер туралы ой бөліскен Жанардың сөзі оның өмір сүріп жатқан әлемі де жарқын екендігін ұқтырғандай.

Анықтама: (Лалагүл дегеніміз)


 

Мақала “Алатау”  газетінде жарияланған, “Жанардың жарқын әлемі”.

авторы: С. Базарқұлова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *