Текелі қорғасын -мырыш комбинаты

Текелі қорғасын-мырыш комбинаты

Алматы облысындағы Текелі қаласында орналасқан қорғасын-мырыш комбинаты ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келеді. Аталмыш кәсіпорынның туралы кеңірек ақпарат беру мақсатында осы комбинаттың директоры Бақыт Шалбаевпен сұхбаттасқан едік.

Текелң қорғасын-мырыш комбинаты

Текелң қорғасын-мырыш комбинаты

Оқи отырыңыз: Бақыт Шалбаев: Жетістіктің өлшемі жоқ

Тарихы
Өткен ғасырдың 33 жылы инженер –геолог М. Юдичев пен М. Қаділбековтың зерттеу — барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кені табылған болатын. Осыған байланысты 1937 жылы Текелі қорғасын – мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы ашық аспан астында қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. Қазіргі таңда оның ізін жалғасытырып, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» шаһарды дамытушы кәсіпорындардың бірі ретінде үлкен үлес қосып келеді. Едильбаев Абдраманның құрылтайшы болуымен кәсіпорын шойын өндірісін қолға алған.

Текелі қорғасын-мырыш комбинаты

Текелі қорғасын-мырыш комбинаты

Кешеннің бастапқы деңгейі
«Текелі қорғасын-мырыш комбинаты 1942 жылы құрылды. Орналасқан жері тамаша,өндіріске қолайлы болғасын халық саны күн сайын артты. Тек ғана жұмысшы саны 10 000-ға жуықтаған заман болды. Сондықтан 1952 жылы Текеліге қала мәртебесі берілді. Комбинат күн-түн демей қарбалас жұмыс істеді. Тіпті, Ұлы Отан соғысы тұсында атылған әрбір тоғызыншы оқ одақтас республикалдар ішіндегі басқа емес қазақ даласында, Текелі тауының бауырындағы осы комбинатта дайындалды. Бұған тарих куә. Осыған қарап оның өткен ғасырдағы қарым-қауқарын білу аса қиын емес деп ойлаймын. Бұдан тыс қазірге дейін өз тыныс-тіршілігін жоймаған, халық игілігіне жарап тұрған көпқабатты жатахана, үй, балабақша тағы басқа құрылыс нысанының барлығы «Текелі қорғасын- мырыштың» табысы нәтижесінде бой көтергені жұрт жадында.

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Кешеннің қазіргі жағдайы
«Өткен ғасырдағы одақ құрамындағы республикалар өз тәуелсіздігін алған тұста барлық өндіріс орыны да тұралаған қиындықты басынан кешірді. 1987-1988 жылдары Н. Назарбаев арнайы «Текелі қорғасын-мырыш» кмбинатына келген болатын. (Бірақ мен ол кезде басқа орында жұмыс істеп жүргенмін.) қолда бар қазына түгелімен құрып кетпес үшін «Казцинктың» басшылығы шақырып: «Сіздер мына комбинатты алыңыздар,оның құлап,құлдырауына жол бермеңіздер», -деп арнайы тапсырма берді. Тапсырма неігізінде аталған компания кәсіпорынды 10 жыл жүргізді. 1999 жылы барлық қор бітті. Сонымен шахта жабылды. Бірақ ондағы еңбек еткен халық жұмыссыз қалмас үшін аталмыш кәсіпорын өңдеу фабрикасын ғана алып қалды. Өскемендегі мырыш зауытының қалдығын өңдеу үшін фабрика техникалық жағынан жаңартылды. Соныме 2006 жылы бірінші қарашада «Текелі кенді қайта өңдеу» кешені құрылып, өз жұмысын бастады. Өскемендегі мырыш зауытының қалдық қоры біткеннен кейін 2009 жылы фабрика тағы да тоқтады. Еңбекші қауым абдырап, жан-жаққа кете бастады. Қор, шикізат болмағасын амалсыз кешен жабылуы керек болды. Бірақ, «Қазцинкке» қайталай: «Кешеннің жабылуы керек болса,жабыңдар, бірақ елді жұмыссыз қалдырмағаңдар» ,-деген тапсырма берілді. Осыған орай, компания Текелі де тас өңдейтін балама кәсіпорын ашты, жылыжай салды. Сөйтіп, біраз халықты жұмыспен қамтыған болатын.
Техника ғылымының докторы, ғалым Абдраман Едильбаев деген азамат 2011 жылдың наурыз айында «Казцинктен» «Текелі кенді қайта өңдеу» кешенін жекеменшікке сатып алады. Алматыда «Горное бюро» ЖШС тізгінін ұстап тұрған ағасы мені шақырып, ұсыныс тастады. Өзімнің өскен ортам, бірге ойнап-күлген жаныма жақын адам ұсыныс айтқасын, өтінішін жерде қалдырмай 2011 жылы бірінші маусымда осында жұмысқа келдім. Кешеннің айналасын, іші-сыртын айнадай тазартып, үш ай дегенде алғашқы өнімді жібердік. Біз бұл жолы арнайы технологияның көмегімен руданың құрамындағы өзге қосалқы заттарды айырып, темірдің құрамын 62-64 пайызға өсіріп шойыг алатын шикізат дайындадық. Осы жылы кәсіпорын өнімін 360 мың тоннаға жеткіздік. Тағы бір жиналыста өнім көлемін тағы көтеру сөз болды. Өйткені біздің шикізатымыз тікелей Қытайға экспортқа шығып еді. Жаңадан құрылғылар, кешенге қажетті техникалық жабдықтар әкелдік. Нәтижесінде жылдық өнім мөлшерін 800 мың тоннаға дейін апардық. Кәсіпорынға білікті мамандар тартылды, жылдар бойы тұралап қалған зауыт өз-өзіне келе бастады. Еңбекші халықтың болашаққа деген сенімі нығайды. Бұл да кешенімізге өзіндік ықпалы тигізді деуге болады. Өйткені өнімділік күн сайын артып миллион толнна шикізат өндіруге қауқарымыз жетті. басшылық күткен үмітті ақтадық. Десек те бұл біз үшін жетістік емес деп білдік. Себебі, біз сол жылдары өз бетімізше өнім өндіре алмай, тек шикізат түрінде сатып Қытайларды қарық қылдық. Ал өзіміз шойын өндірсек, кәсіпорын өнімін екі-үш есе қымбатқа сатып, жағдайымыз жақсаратыны анық болды. Сонымен 2014 жылдың күзінен бастап ешқандай шикізат не болмаса өнім өндірмейміз. тек қана шойын өндірісіне арналған «Металлургия зауыты» жобасын жүзеге асыру жұмысымен шұғылданып келеміз.

Президентпен тікелей телекөпір арқылы сөйлесу үстінде

Президентпен тікелей телекөпір арқылы сөйлесу үстінде

Шойын өндіру ісін қолға алу
Өткен жылдың алтыншы желтоқсанында Елбасымен тікелей телекөпір арқылы Текеліде тілдестік. Одан бір ай бұрын өзі арнайы монақаламызға келіп кеткен. Сапарында біздің құрылыс орнымызда да болды. Бәріне тәтпіштеп көз жүгіртті. Президент өткен ғасырдағы кешеннің жағдайын ұмытпапты. «Мына жерде мынандай құрылыс бар еді ғой. Жағдайы мүшкіл еді. Шүкір, бәрін орнына келтіріпсіздер. Негізінен өндіріске дайын екенсіздер, алғашқы өнімді қашан жібересіздер?»,-деп бізге сұрақ тастады. Сонымен облыстың атқамінер азаматтарымен бірлікте 16 желтоқсанда алғашқы өнімді жібереміз деп уәде бергенбіз. Қазіргі таңда заманауи экологиялық тазалау қондырғысын қолданып,шойын өндіруге арналған екі домно пеш салып жатырмыз. Бұйырса оның алғашқысы 98 % -ға дайын. Ал екіншісінің 85%-ы салынып бітті. Шойын өндіруге қажетті шикізаттар Қарағанды да бар. Ал пешті қыздыру үшін кокс,әк сияқты көптеген зат қажет.
Уәде бойынша 25 – қазанда бірінші пешті қыздыра бастадық. Қарбалас болып жатқанда қарашаның ортасында келісімшарт бойынша кокс алатын компаниядан бізге хат келді. Хатта «Сіздермен келісімшарт бойынша кокс бере алмаймыз. Себебі барлығы қымбаттап кетті» делінген. Ресей, Қытай сияқты елдерге хабарласып едік, барлығы кокс бағасының қымбаттап, шойын да жоғары болып кеткенін айтты. Алматы облысының әкімі Амандық Батталовқа хабарласып, өнімді жіберуге кедері пайда болғанын айттық. Ол кісі зерттелген нарықты көріп шықты да, ешқандай мүмкіндік жоқтығын түсінді. Сарапшылардың мәліметінше, сәуір айында баға тұрақталады. Осы мәселеге байланысты біз өнім өндіруді кейінге шегеріп отырмыз. Одан біз ұтылмаймыз, құрылыс жұмысын толығымен аяқтап аламыз. сосын қос зауытты толыққанды іске қосқан тиімді болмақ.

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Жұмысшылардың табысы
Қазір жұмысшылардың орташа жалақысы атқарған жұмысы мен жауапты міндетіне байланысты 80 000-нан бастаплып, 400 000 теңгеге дейін барады. Олар түскі аспен қамтамасыз етілген және біз мезгіл сүт беріледі. Біз Теміртаудан жұмысшылар тарттық. Бүгінгі күнде тәжірибесі мол, 30-40 жыл шойын балқытудың қыр-сырын меңгерген 20 шақты маман бар. Біреуіе баспана алып берсек, екіншісіне пәтер жалдап отырмыз. Жұмысшыларға арнап 100 орынды жатахана салдық. Алғашқы құрылыс кезінде 700-ге тарта адам жұмыс істеді. Кешеннің құрылыс жұмысы аяқталып қалуына байланысты қазір екі ауысымда 500 адам еңбек етеді. Қорытындылай келгенде, құрылыс жұмыстары бітіп, цехтар мен пештер іске қосылғанда жылына 400 000 тонна шойын өндіреміз.

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қызметкерлері

Мамандарды арнайы курстан өткізіп дайындадық
Бас кезінде білікті маман табу, жастарды тәрбиелеп үйрету бірталай қиындық тудырғаны жасырын емес. Кейінгі бір жарым жыл ішінде өзіміздің әкімшілік Алматы облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергілікті жерден іріктелген 90 баланы Теміртауда оқыттық. Жас мамандарды тарту және оларға мүмкіндік беру мақсатында біз кілең жағдайы нашар, толық емес отбасының перзенттері, сосын ҰБТ –дан жолы болмаған жеткіншектерді жинадық. Өкінішке қарай, 3 айлық курстан өтіп келгендердің 30 пайызы шыдамдылық танытпай, бастаған ісін орта жолда тастады. Кеткендердің көбісі оқуға барғанда ойын-мауыққа берілгендер, қойын дәптер ұстап, қажетті мазмұндарды түртіп отырмағандар. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Сондықтан екінші кезекте ақылы толысқан, отбасылы 25-30 жас аралығындағы 24 жігітті жібердік. Тәубә, қайта айналып келген мамандар не сұрасаң да тақылдап жауап беріп, өз біліктілігін жоғары деңгейде толыстрып қайтты.

Текелі қорғасын -мырыш комбинаты

Текелі қорғасын -мырыш комбинаты

Кәсіпорын болашағы
Биыл жыл аяғына дейін екі пешті өндіріске қосуды мақсат етіп отырмыз. Ол кезде бізде 700-ден аса адам толық күн тәртібінде күндіз- түні жұмыс істейтін болады. Өйткені қыздырылып, іске қосылған құрылыс алаңы, талапқа сәйкес тоқтаусыз 10 жыл жұмыс істеуі қажет. Осы аралықта ешқандай үзіліс бомайды. Металлургия – қиын жұмыс. Жұмысшыларды тұрақтандыру үшін, мамндарды көптеп топтастыру мақсатында оларға арнайы үй, жатахана, балабақша, асхана саламыз дешен үлкен жоспар бар.

 

Ілескен Әлбатырұлы

«Кәсіпкер» журналы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>