“Гидтің” рөлін енді робот атқарады

Қазақтың кемеңгер ойшылы Абай қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің киелі өнерлерін таныстырып жатқанда: «…қайрат, ақыл, жүрек – осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. 

Photo by Asiya Smailova

Photo by Asiya Smailova

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы» – деп төрелік айтқанның есімі ғылым екенін жазған еді.

Ғылым ең алдымен біздің өмірімізді жеңілдетіп, ой-өрісімізді кеңейтетін нәрсе-дүр. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдырып», көп жұмысты аз уақытта тындыру үшін ғылымға жүгінеміз. Қазіргі таңда мүгедек жандардың жәрдемшісіне айналған роботтар, ел қорғайтын қарулар, ақпарат алмасудың жаңа форматын қалыптастырған ғаламтор тағы басқадай соны дүниелер ғылымның жемісі емей немене?! Бұлардан һәм пайда һәм рахат көретініміз рас. Орыс ғұламасы, философ Лев Толстой айтпақшы, «ғылымның ісі – адамға қызмет ету». Сол өмірдің рахатын көбірек татпақ үшін, берекелі ғұмырды мақсат етіп адамдар конференциялар, семинарлар, бас қосқан жиылыс, құрылтайлар өткізіп, ақшасын жаратады-мыс. Ондай біздің қазақта да бар.

Photo by Asiya Smailova

Photo by Asiya Smailova

Алихан Сәлекенов Қарағанды қаласындағы “Мұрагер” мектебінің 9 сынып оқушысы. Ол Infomatrix халықаралық олимпиадасына “Модельдеу негізінде робот құрастыру” тақырыбымен қатысып жатыр. “Ең алдымен 3D модельде роботты сызып шықтым. Одан кейін оны 3D принтерде бастым. Кейін роботты 2 күнде жасап шығардым”, – дейді жас өнертапқыш. Роботты жасап біткен соң оны блютз арқылы ұялы телефонға жалғаған. Қолын, аяғын басқаратын белгілі бір тетіктері бар. Роботтың өзін тек смартфон арқылы басқарады. Енді қалғаны сөйлететін құрылғы мен өзі емін-еркін жүріп тұратындай жасау. “Бұл робот толық біткен соң оны гид ретінде музейлерге қойғым келеді”, – дейді Алихан. Яғни, бұдан кейін жолсерік немесе гид, музейлердегі таныстырушылар робот боп шықса таңданбаңыз!

Қай кезеңде де ғылым мен білімнің дамуы, белгілі бір деңгейде, халықтар арасындағы келісім мен мәдениеттер арасындағы рухани үйлесімділікке тікелей байланысты болғандықтан, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы да, ертеңгі EXPO-2017 шарасының негізінде де ғылым мен ғалымдар арасындағы диалог жатыр. Сол тұрғыдан алғанда бұл роботты жедел түрде жетілдірсек EXPOда да қолдана аламыз!

img_1755

 

Автор: Әбдіманап Кеңес

“Жас қазақ” газетінің журналисті

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *