Жақынынан қыз алып, қыз бергеннің кесірі!

Ресей ипериясының соңғы патшасы Екінші Николайдың баласы Алексей ханзада осы гемофилия кеселімен ауырған екен. Бұл ауру оның анасы Александра Федоровнада да болыпты. Тұқым қуалайтын ауру патшайым Александра Федоровнаға анасы ханшайым Алисадан тараған. Алиса ханшайымның анасы Ұлыбритания ұлы патшайымы Виктория гемофилия ауруын тасушысы болды. Әйел патшаның 9 балаларының ішінен Леопольд ханзада гемофилиямен ауырып, 30 жасқа дейін ғана өмір сүріпті. Қыздарының ішінен Алиса және Беатриса ханшайымдар кеселді тасымалдаушы болды.

1272399220_semya1-1

Суретте Екінші Николай патша отбасымен   

  Беатрис ханшайымның 4 ұлының 2-і осы кеселге шалдыққан. Ал оның қызы Испания королінің жұбайы болған Виктория-Евгенияның 3 баласының 2-і нау-қас болған. Ұлыбританияның ұлы патшайымы Викторияның күйеуі Альберт оның жақын туысы болған. Европалық монархтардың басым көпшілігі түрлі тұқым қуалайтын кеселдерге душар болған. Европалық хан әулеті жақын туыстарынан қыз алып, қыз берісіп жүре берген. Өздерінің жақын туысқандарымен неке құрғандықтан, түрлі генетикалық қауіпті кеселге көп шалдыққан.

Біздің ата-бабамыз мұндай генетикалық дертке ұшырамаған. Оған бірнеше себептерді саралап өтсекте жеткілікті. Мысалға, қымызды ішіп, қазы-қартаны жеген бабамыздың денсаулығы мықты болды. Әйтсе де қазақ хандарының ешбіреуі «ханзадалар ауруын» білмеген. Бұның себебі де айқын. Қазақта жеті атаға толмай қыз алу қылмыс саналған.

 Қадірәлі САРЫПБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *